Ептілер мен жігерлілер жарысы

Сәтбаев селосындағы №17 негізгі мектепте Отан қорғаушылар күніне арналған «Біз елімізді қорғаймыз!» атты жорық ойыны өтті. Жорық ойынының мақсаты – епті де батыл, жігерлі де жалынды, бірлікшіл, отансүйгіш тұлғаны тәрбиелеу.

Жорық ойыны «Барыс» және «Бүркіт» топтарының өзін таныстыруы; ептілік – үлкен өнер; «қырықаяқтылар» немесе жорғалап жүру жарысы; шеңбермен жүгіру; ас әзірлеу сияқты кезеңдерден өтті.
Ойын нәтижесінде барлық сынақтан сүрінбей өткен «Барыс» тобы жеңіске жетті. Әсіресе, топ арасында Е.Ахметжанов, Қ.Жанбосынов, Н.Күрдебай, А.Тлеген, Ж.Іргебай, М.Байторин сияқты жас ұландар әрбір кезеңнің тапсырмасын жауапкершілікпен орындап, белсенділік танытты.

Жарысқа қатысушы «Барыс» тобы I жүлделі орынды иеленсе, «Бүркіт» тобы II орынды иеленіп, Алғыс хаттармен марапатталды.

Іс-шара соңы оқушылардың таза ауада өздері дайындаған дастархан басындағы әңгімеге жалғасты.

Отан қорғаушылар күнінде өткен батылдық пен достықты, ептілік пен шеберлікті паш еткен бұл іс-шара оқушылардың Отанына деген құрметін асқақтатып, сүйіспеншілігін арттырды.

(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.