Қалада бірінші

20161007-01-3Былтырғы жылдан бастап облыстық білім басқармасы білім саласында ұзақ жылдар еңбек етіп, оқу-тәрбие ісінде үздік жетістікке жеткен мұғалімдерді «Қарағанды облысының білім саласына еңбегі сіңген қайраткері» төсбелгісімен марапаттауды ұйғарған болатын.

Осы төсбелгіге биыл қаламыздағы қазақ мектептерінің қарашаңырағы №27 жалпы орта білім беретін мектептің тарих пәнінің мұғалімі, Қазақстан Республикасы білім беру ісінің үздігі Жұмағали Құлманов ие болды.

Мұғалімдер күні қарсаңында Қарағанды қаласында өткен салтанатты жиында төсбелгіні омырауына тағып келген Жұмағали аға бұл марапатты өзінің және білім ордасы мұғалімдерінің еңбегіне берілген лайықты баға деп біледі.

Комментарии закрыты.