Ұлағатты ұстаздар ұлықталды

Ш.Ділдебаев атындағы Кеншілер сарайында жылдағы дәстүрге сай қала әкімінің мұғалімдерге арналған сыйақысын тапсыру салтанаты өтті.

Жиынға шаһар басшысы Асқар Ыдырысов қатысып, ұстаздар қауымын мерекелерімен құттықтады. Асқар Абылайұлы бірқатар мектеп және колледж ұстаздарын қала әкімінің Құрмет грамотасымен марапаттады.

Сондай-ақ, салтанатты жиында Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің тарих пәнінің мұғалімі Айгүл Құрманбаеваға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасы тапсырылды.

20161007-01-1

Мерекелік шарада қалалық мәслихат хатшысы Татьяна Хмилярчук жылы лебізін жеткізіп, ұстаздарға сый-сияпатын ұсынса, қалалық білім бөлімінің басшысы Берік Ақышбеков Қарағанды облыстық білім басқармасының Құрмет грамотасымен бір топ ұстаздарды марапаттады. Ол өз кезегінде ұстаздар қауымының жас ұрпақты тәрбиелеу ісіндегі үлестеріне алғысын білдірді.

Ұстаздарға құрмет көрсетілген жиын одан әрі қала әкімінің үздік мұғалімдерге арналған сыйақысын тапсыру салтанатына ұласты.
Биыл сыйақы 15 аталым бойынша байқау ережесінен мүдірмей өткен үздіктерге берілді.

Сонымен қатар, қала мектептері арасында жүзден жүйрік шыққан №1 мектеп-гимназиясы «Үздік мектеп» атағын жеңіп алды.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.
Суретте: қала әкімінің Құрмет гра­мо­тасының иегерлері – технологиялық колледж мұғалімдері Г.Кәкімжанова, Ә.Оспанова, Қ.Төлегенова, Ш.Ход­жекеева.

Комментарии закрыты.