Интерактивті карта жарияланды

Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі геология және жер қойнауын пайдалану бойынша интерактивті картаны
іске қосты.

Онда Қазақстанның бүкіл аумағының геологиялық карталары орналастырылған. Енді қолданыстағы және жоспарланып отырған келісім-шарт аумақтары бойынша ақпарат алуға болады. Аталмыш интерактивті карта жетілдірілетін болады. Яғни, жер қойнауын пайдалану құқығын беру мен онлайн режимде бақылау жүргізу жоспарланған.

Сонымен қатар, жер қойнауын пайдалану құқығын берудің жеңілдетілген жаңа тәсілдері (австралиялық тәжірибе) енгізіліп отыр. Ақмола облысы Степногорск қаласының маңайындағы толық зерттелмеген учаскелерде осы тәсілдер пайдаланылып, жуырда бекітілген 17 келісім бойынша қолданыла бастады. Жыл соңына дейін Шығыс Қазақстан облысындағы толық зерттелмеген учаскелерде жұмыстар басталып, әрі қарай бұл жұмыс республиканың барлық аумағын қамтымақ.

Комментарии закрыты.