Сүт зауыты ашылмақ

Қарағанды облысында 650 бас малға шақталған сүт-тауарлық фермасы жыл соңында пайдалануға беріледі.

Бұл – 1,4 млрд. теңге болатын Осакаров ауданындағы «Еңбек» ЖШС жобасы. Оның ерекшелігі сол – компания еш жерден несие алмаған. Иесі оны өз қаражатына салып жатыр.

Қазіргі уақытта фермаға швейцариялық жабдықтар орнатылуда. Көп ұзамай Бавариядан асыл тұқымды сиырлар жеткізілмек.

Комментарии закрыты.