Желаяқтар жеңісі

20161017-02-2Қыркүйек айының 27-29 күндері Алматы қаласының орталық стадионында жеңіл атлетикадан 1999-2000 және 2001-2002 жылдары туылған жасөспірімдер мен қыздар арасында Қазақстан Республикасы чемпионаты өтті.

Аталмыш спорттық бәсекеде қаламыздағы олимпиадалық резервтегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері жеңіс тұғырынан көрінді.

Тәжірибелі жаттықтырушылар Татьяна Дударь мен Владимир Кониктің тәрбиеленушілері Екатерина Парамонова мен Мария Чекалина, Александра Манина, Александра Талибова 4х100 және 4х400 метрлік эстафеталық жүгіруден алтыннан алқа тақса, 4х200 метрлік эстафеталық жүгіруде Александра Мохирева, Валентин Шевчук және Наталья Носова мен Гузель Гайсина күміспен күптелді. Аталған төрттік 4х100 метрлік сайыста да жүлдеге ілініп, қоланы олжалады.

Бұл сайыста желаяқтарымыз жалпы командалық есеп бойынша 20 медальмен оралды.

Б.Айтөре.

Комментарии закрыты.