КЕШ КЕЛГЕН КЕМЕЛ ОЙ

Ол бойында қаны тулап тұрған жас кезінде, яғни есепсіз арман-қиялдың тереңіне сүңгіп жүргенінде дүниені өзгерткісі келді. Жасы келіп, бойдан әл-қуат кете бастағанда дүниені өзгерте алмайтынына көзі жетті.

Сосын жастықтың әсерінен туындаған арман-қиялды кішкене азайтып, өз мемлекетін өзгертсе де жетер деген шешімге келді. Бірақ, оны да өзгерте алмады.

Бойын кәріліктің дерті билеп, оны мойындаған шағында бойындағы бар күш-жігерін жинап, тек қана отбасын, өзіне жақын адамдарды өзгертуге тырысып көрді. Бірақ, өкінішке орай, ол әрекетінен де түк шықпады.

Ал, бақилыққа бет алып, өлімнің аузында жатқанда, кезінде алдымен өзін өзгерткенде, жақындарына үлгі болғанда, ең құрығанда отбасын өзгертуге болатынын аңғарды. Кім біледі, бәлкім дүниені де өзгертуге болар ма еді?

Кемел ойдың қашан да кеш келетіні-ай?!

Әзірлеген Әлібек Әбдіраш.

Комментарии закрыты.