Жұмысты ширата түсуді тапсырды

20161021-02-1Жастар саясатын ілгерілету мен оны жүзеге асыруда атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтау үшін қала әкімі Асқар Ыдырысов жуырда қалалық әкімдік жанындағы жастар істері жөніндегі кеңестің кезекті отырысын өткізді.

Оның күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бауыржан Әпеков жастарды жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек көрсету тұрғысында атқарған істерін баян етсе, денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Зухраб Даумбаев қала жастарын спортқа бейімдеуде жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға тоқталды.

Жастарды жұмыспен қамту және оларға әлеуметтік көмек көрсету бойынша біршама істер атқарылып жатыр. Әсіресе, жұмыссыз жастарды мамандық бойынша оқыту және қайта даярлаудан өткізу, оларды қоғамдық жұмыстарға тарту бағыты бойынша да нақтылы жұмыстар атқарылуда Б.Әпековтың баяндауынша, жат ағымдағы жастарды да жұмыспен қамту, оларға әлеуметтік көмек көрсету назардан тыс қалып отырған жоқ.

Ал, жастарды спортпен қамту, салауатты қоғам құру ісінде кенді қалада атқарылған істерге кеңінен талдау жасаған Зухраб Даумбаев олардың спортқа деген қызығушылығы жыл санап арта түскенін тілге тиек етті.

Осы бағытта бөлім спорттың әр түрінен халықаралық, республикалық және қалалық турнирлерді өткізуді дәстүрге айналдырған.
Бөлім басшысының есебін тыңдаған қала басшысы Асқар Абылайұлы атқарылған істерге баға бере келіп, жастармен жұмысты одан әрі ширата түсуді тапсырды. Осы орайда әкімдіктегі жауапты мамандарға да бірқатар тапсырмалар жүктеді.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.