Мамандар кеңес берді

Өткен аптада №16 жалпы орта білім беретін мектеп қабырғасында мұғалімдер мен учаскелік полиция қызметкерлерінің арасында семинар өтті. Ондағы негізгі мақсат – жастарымызды жат әдеттерден тыйып, нашақорлыққа бой алдырмау.

Қарағанды облыстық наркологиялық диспансер басшысының емдеу ісі жөніндегі орынбасары Алпыс Аманжолов пен Жезқазған аймағы бойынша наркологиялық бөлімше меңгерушісі Гүлсінай Мүбәракова, нарколог дәрігер Жангелді Әбілхамитов семинарда мамандарға өздерінің ақыл-кеңестерін берді.

– Қазіргі таңда елімізде наркопатологияның алдын алуда ауқымды шаралар ұйымдастырылуда. Облыстық ішкі істер және денсаулық сақтау департаменттерімен біріге отырып арнайы жоспар әзірленген. Біздің мұндағы мақсатымыз – жасөспірімдердің нашақорлыққа әуестігін ерте анықтап, олармен жұмыс жасау, – деді А.Аманжолов.

Комментарии закрыты.