Ақпараттық топ – білім ошақтарында

Дін мәселелерін зерттеу және кеңес беру орталығы жанынан құрылған ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қала мектептерінің 9-сынып оқушыларымен кездесіп, діни ахуал төңірегінде ақпарат беруде.

Топ мүшелері кездесуде жастардың дінге деген көзқарасын дұрыс қалыптастырып, ислам дінінің ұлтымыздың салт-дәстүр, әдет-ғұрпымен астасып жатқандығын кеңінен түсіндірді.

Сондай-ақ, мамандар дінге қызығушылық танытып жүрген жастарға діни сауатты тек мешіттердегі білікті имамдардан алуға кеңес беріп, олардың сұрақтарына нақты жауап қайтарды.

Комментарии закрыты.