Жаңа банкнот айналымға шығады

Ұлттық Банк Тұңғыш Президент күніне орай 2016 жылғы 1 желтоқсанда ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған ескерткіш банкнотты айналысқа шығарады деп хабарлайды
NUR.KZ.

«Тәуелсіздік тарихы Елбасының жеке басымен тікелей байланысты, сондықтан, Ұлттық Банк Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған және Президентіміздің ел дамуына қосқан үлесін көрсететін мерейтойлық банкнотты ұсынып отыр», – деді Ұлттық Банктің төрағасы Данияр Ақышев Астана қаласында өткен конференцияда сөйлеген сөзінде.

Ол «банкноттарда портреттерді бейнелеу жаңалық емес. Бұл – елдің өміріне аса маңызды үлес қосқан тұлғалардың бейнесін орналастыру арқылы мемлекеттілік идеясын көрсетудің ең жарқын, әдеттегі әрі түсінікті формасы» екендігін атап өтті.

Комментарии закрыты.