Заманауи білім ошағында болды

Өткен жұма күні Жезқазған өңіріне Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков іссапармен келді. Сапар аясында аймақ басшысы кеншілер қаласындағы 6 ықшам ауданда жаңадан бой түзеген білім ошағына атбасын тіреді.

Мектеп басшысы Райхан Бапанова Нұрмұхамбет Қанапияұлын заманауи мектеппен таныстырып, алдағы мақсат-міндеттерін баяндады.

20161118-01-1

Жалпы, бұл білім ордасы 600 орындық. Астана қаласының «Строй-Н» ЖШС салған мектеп 6 блоктан тұрады. Мұнда әр пән бойынша екіден, үштен және төрттен кабинеттер жасақталған.
Жаңа мектептің бір өзгешелігі сол, білім ошағында электрондық кітапхана жүйесі іске қосылған. Екі спортзал, 200 орындық акт залы қажетті құрал-жабдықтармен толық қамтамасыз етілген.
Мектеп директорының айтуынша, ІІІ тоқсаннан бастап білім ошағы өз оқушыларына есігін айқара ашпақ. Ол үшін білім ордасы да, ұстаздар да сақадай сай.

Бағдат Қазкенов. Сурет автордікі.

Комментарии закрыты.