Айтулы мерекелерге арналды

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына және Қарағанды қаласының 75 жылдығына арнап оқушылар сарайы өткен жұмада «Ел мерейін үстем еткен  Қарағанды!» атты концерттік бағдарлама ұйымдастырды.

Бұл кештің басты тақырыбы – Сарыарқаның сайын даласында бой көтеріп, бүгінде келешегі кемелді қалалардың біріне айналған кеншілер мекені, облысымыздың орталығы – Қарағанды қаласының 75 жылдығы болды.

Кеште жүргізушілер Қарағанды қаласының алғаш құрылған кезінен бастап осы күнге дейін жеткен жетістіктері, оң өзгерістері мен айтулы оқиғалары жайында көрермендерге мағлұматтар берді. Тарихи деректерді тыңдай отырып, қонақтар оқушылар сарайының бүлдіршіндері көрсеткен өнерлерін тамашалады.

Ән мен биге толы кеш жүргізушінің орындауындағы патриоттық өлең шумағымен аяқталды.

М. Шахаева.

Комментарии закрыты.