Марапаттау рәсімі жалғасуда

Қиындықтарға қарамастан ер адамдармен бірге еңбек етіп, 6-7 және одан да көп бала өсіріп, оларға саналы тәрбие, сапалы білім берген алты ардақты анамыз сейсенбі күні қалалық әкім аппаратының кіші залында кеудесіне алтын мен күмістен алқа тақты.

Оларды бұл қуаныштарымен қала әкімінің орынбасары М.Мәдиева құттықтады.

–    Ана – отбасының ұйтқысы. Өмірге ұрпақ әкеліп, тәрбиелеп-өсіріп, тіршілікке тірек болған көпбалалы аналар бүгінде мемлекет тарапынан да құрметке ие болуда. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың жарлығымен былтырдан бастап 7 баласы бар аналарға «Алтын алқа» және 6 баласы бар аналарға «Күміс алқа» берілетін болды. Осының арқасында құрметке ие болған аналардың қатары көбейіп отыр. Сіздер жас аналарға үлгісіздер. Бәріңізге зор денсаулық ұзақ ғұмыр тілеймін, – деді Марал Сағынайқызы.

Осыдан соң, марапаттау рәсіміне де кезек жетті. Т.Бакунова, Т.Ибрагимова, М.Нақыпбекова аналарымыз «Алтын алқа», ал, С.Есенғабулова, А.Космыч және Г.Талпакова «Күміс алқа» тағынды. Барлық аналарға қала әкімінің атынан  гүл шоқтары табыс етілді.

Алқалы аналарымыздың дендері сау болып, қатарлары көбейе берсін деп тілейміз.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.