Парақорлық – қоғам дерті

Сыбайлас жемқорлық – еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына кері әсер ететін факторлардың бірі. Ең бастысы – адамдардың қоғамдық демократияның негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, билікке деген сеніміне сызат түсіретіні даусыз. Біз өз елімізде сыбайлас жемқорлыққа байланысты көптеген іс-шараларды жолға қоя отырып, қоғамға кесірін тигізіп отырған бұл кеселдің орын алуына жол бермеуге тырысамыз.

Адамзатқа ертеден таныс сыбайлас жемқорлық – заманмен бірге өсіп-өркендеп, небір тегеурінді қарсылықтарға төтеп беріп, қайда мол қаражат пайда болса, сол жерге тамыр жайып, бүгінге дейін жойылмай отырған қауіпті кеселдің бірі. Сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін ең қауіпті түрі –парақорлық.
Парақорлықпен айналысатын адамдардың іс-әрекеттері өзіне ғана кесірін тигізіп қоймай, жан-жағына, қоршаған ортаға кеселін тигізеді. Соңдықтан, біз келешек ұрпақтың жарқын болуын қаласақ, жақсы тәрбие беруіміз керек. Ұрпағымызды Отанын сүюге, жемқорлыққа қарсы күресте табандылықты, жауапкершілікті сезіне білуге баулуымыз қажет.

Г.Жазықбаева, отбасылық кітапхананың кітапханашысы.

Комментарии закрыты.