«Астана – бейбітшілік пен бақыт қаласы»

4 «а» сыныбында өткен іс-шара осылай аталды. Бұл тәрбие сағаты оқушыларға Отанымыздың бас қаласы – Астана туралы, Қазақстан байлығы, жаңадан бой көтерген әсем ғимараттары туралы түсінік беру мен Отанға деген сүйіспеншілікті арттыру, елжанды азамат болуға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

Шара барысында оқушылар үйден «Қазақстанның астаналары» тақырыбына шағын шығарма жазып, әр оқушы сол бойынша өз ойын білдірді. Астана, Қазақстан, туған жер туралы өлеңдер оқыды. Сондай-ақ, оқушылар Астана қаласының тарихы, оның көрікті жерлері туралы өздері дайындаған слайдтарын көрсетті. «Астана – менің қалам» тақырыбына салған суреттері бойынша әңгімеледі. Астана бар қазақтың алтын бесігі, әлем қызыға көз тіккен әсем қала болса деген армандарын жеткізді.

Гүлмира Нүрсейітова, мектеп кітапханашысы.

Комментарии закрыты.