Желаяқтар жарысып, үздіктер марапатталды

Тұңғыш Президент күні қарсаңында қаламыздағы спорттық-сауықтыру кешенінің «Жастар» спорт сарайында жеңіл атлетикадан жасөспірімдер арасында ашық біріншілік өтті.

Ашық біріншілік әуелі үстіміздегі жылы өткен түрлі жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау шарасымен басталды. Онда бірнеше балғын спортшылар жылдың үздік жеңіл атлеттері атанып, медальдармен, мақтау қағазымен марапатталып, кубоктарға ие болды.
Бұдан соң жарыс жолына 2000-2002 және 2003, 2004, 2005 жылы туылған жасөспірімдер шықты. Олар жас ерекшеліктеріне қарай әртүрлі қашықтықта жүгіріп, өзара бақ сынасты. Жеңімпаздар медальдармен және мақтау қағаздарымен марапатталды.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.