«Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!»

«Адам құқығы. Бала құқығы» Республикалық акциясы аясында №7 жалпы орта білім беретін мектепте «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!» атты ата-аналарға арналған семинар-тренинг өтті.

Отбасындағы зорлық-зомбылық – өзекті мәселе. Зорлық-зомбылық балалардың тәндік және психологиялық тұрғыдан жан-жақты дамуына, мінез-құлқына әсер етеді. Ата-анасы және отбасының өзге де өкілдері бала тәрбиесі кезінде оны психикалық тұрғыдан кемсітіп, адамгершілік қасиеттерін кемсітуге тиіс емес. Бала тәрбиесінде ата-ананың алатын орны ерекше. Әрбір ата-ана өздерін тәрбиеші мұғалім ретінде қарауға тиіс. Баламен дұрыс тіл табысуға, балаға қысым түсірмей, зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынас орната білулері керек.
Мектепте өткен семинар-тренингте мектеп психологы М.Қыдырмолдина мен әлеуметтік педагог К.Күлмағамбетова осы жайттарға баса мән берді. Олар баланы тәрбиелеу тәсілдерінде баланың адамдық қадір-қасиетіне менсінбей қарау, дөрекілік көрсету, оны қорлауға жол бермеу туралы ата-аналарға келелі кеңестер айтты.
(Өз тілшіміз).

Комментарии закрыты.