25 түп қарағай отырғызылды

Тәуелсіздік тойы қарсаңында кеншілер қаласының Комаров көшесіне 25 түп қарағай көшеті отырғызылды.

Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бастау алған «25 жұлдызды күн» акциясы аясында Сәтбаев қаласында да ауқымды шаралар жүзеге асырылды. Соның бірі – Комаров көшесінің Ұлытау даңғылымен қиылысатын тұсындағы алаңға 25 түп қарағай көшетін отырғызу. Оған қала әкімі Асқар Ыдырысов пен қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук бастаған қаланың зиялы қауымы мен депутаттары қатысты.
– Келешекте бұл көшені қаланың көрікті орындарының біріне айналдыру ойда бар. Осы көшеде «Ақын-сазгерлер аллеясы» ашылды. Бүгінгі қарағай отырғызылған алаңға келешекте үлкен бір ескерткіш белгі орнатуды да жоспарлап отырмыз. Бұл жайында қаланың зиялы қауымымен кеңесетін боламыз, – дейді қала әкімі Асқар Абылайұлы жергілікті БАҚ өкілдеріне берген сұхбатында.

Комментарии закрыты.