Достыққа адалдық

Бір сарбаз өзінің ең жақын досының ауыр жараланып, жерге кұлағанын көреді. Қызу шайқас кезі. Командиріне жүгіріп келіп:
– Капитан мырза, досыма барып, оны алып келуге рұқсат беріңіз, – деп өтінеді. Капитан «Есің дұрыс па?» дегендей, тесіле қарап:
– Досың өте ауыр жаралы, өліп те қалған болар. Өз өміріңді қауіп-қатерге тігіп қайтесің? – дейді. Сарбаз: «Баруым керек!» деп, тұрып алады. Капитан:
– Жарайды, барсаң бар! – деп рұқсат береді.
Сарбаз бораған оқтың астымен жүгіріп барып, досын арқалап, бекініске әрең дегенде жетеді. Капитан жаралы әскердің жүрек соғысын тыңдайды да:
– Саған өміріңді қатерге тігіп не қыласың деп айттым ғой? Досың бәрібір өліп қалды, — дейді.
– Жоқ, капитан мырза, барғаным дұрыс болды. Демін ала алмай жатыр екен.
– Қалайша дұрыс болады? Оның өлгенін көріп тұрсың ғой?
– Бәрібір дұрыс болды. Өйткені, досымның қасына барғанымда ол әлі тірі екен. Оның соңғы сөзін есту мен үшін өте маңызды, – дейді де жылап жібереді. Сосын досының соңғы сөзін қайталайды: «Келетініңді біліп едім! Келетініңді біліп едім, досым! Рахмет!».
P.S. Достыққа адал, шынайы бол. Сонда ол берік болады.

Әзірлеген Әлібек Әбдіраш.

Комментарии закрыты.