Мерекелік медальмен марапатталды

Қаламыздағы спорттық-сауықтыру кешенінің «Арена – 2005» мұз айдынында ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Сәтбаев қаласының әкімі Асқар Ыдырысов, мемлекеттік мекемелердің басшылары, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, қаланың қоғамдық кеңес мүшелері мен Құрметті азаматтары, соғыс және еңбек ардагерлері қатысты.

20161223-01-2

Шаһар басшысы Асқар Ыдырысов жиналғандарды әрбір қазақстандық үшін маңызды осынау атаулы күнмен шын жүректен құттықтап, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен елдің жеткен биік жетістіктерін атап өтті. Бұдан кейін «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне – 25 жыл» мерейтойлық медальдары табысталды. Қазақстан Республикасының мемлекеттік тұрақтануына, Тәуелсіздіктің нығаюына және әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлестері үшін 21 сәтбаевтыққа мерекелік медальдар берілді. Олардың қатарында соғыс және еңбек ардагері Шермұханбет Байбосынов, қалалық ақсақалдар кеңесінің төрағасы Мұзараф Аханов, қалалық мәслихаттың хатшысы Татьяна Хмилярчук, Жезқазған кентінің әкімі Асылхан Сәдуақасов және басқа да азаматтар бар.

Салтанатта қала әкімі сонымен қатар еңбек ардагері Тамара Хрипковаға Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдық «Бірлік» алтын медалін де табыстады.

Мерекелік салтанаттың соңы театрландырылған көріністерге ұласты.

Ізтай Белгібайұлы. Суретті түсірген Л.Әбеуова.

Комментарии закрыты.