Жыл форумы

2-4 қараша аралығында Сәтбаев қаласында Қарағанды облысы әкімдігінің, ҚР Инвестициялар және даму министрлігі мен БҰҰ-ның Қазақстандағы даму Бағдарламасының қолдауымен «Энергия үнемдеу және қалалардың тұрақты дамуы» форумы болып өтті.

Энергия үнемдеу мен энергия тиімділігін арттыру саясатын іске асыру, халықаралық ынтымақтастықты нығайту және инвестициялар тарту, тұрақты қала құрылысы үшін диалогтық және демонстрациялық алаң құруды мақсат еткен форум өз деңгейінде өтті. Шараға қатысушылар энергия үнемдеу технологияларын енгізу және тұрақты дамыту туралы практикалық мысалдарға шолу жасап, ақпарат алмасты. Форум барысында кеншілер қаласында жаңа бес жоба жүзеге асырылатын болып келісілді.

Жыл жаңалықтарын жинақтаған Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.