Жыл құрылысы

Сәтбаев қаласының батыс аймағы бүгінде үлкен құрылыс алаңына айналған. Қазір мұнда 15 көп қабатты үйлердің құрылысы аяқталып, тағы 25 көп қабатты үйлердің құрылысы
басталды…

2012 жылы Жезқазған-Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданының әлеуметтік-экономикалық қуатын арттыру мақсатында Үкімет кешенді бағдарлама қабылдағаны белгілі. Соның бір парасы – аймақ өндірісін өрістету үшін жеткілікті шикізат қорын дайындау. Оның бір жолы – өндіріс аймағында орналасқан елді мекендерді қауіпсіз жерлерге көшіріп, кеніштердің екінші тынысын ашу. Осы мақсатта Сәтбаев қаласының батысында үлкен құрылыс басталған еді. Бүгінде ол «Нұрлы мекен» деп аталатын шағынауданға айналды. Қазірдің өзінде мұнда Жезқазған поселкесінің тұрғындары қоныс аударуда. Келер жылдары осы поселкемен қоңсылас жатқан Весовая, Крестовский елді мекендердің тұрғындары да осы жаңа шағынауданға көшірілетін болады. Мұнда тұрғын үйлермен қатар жаңа мектеп те бой көтерді.

Комментарии закрыты.