Шағын және орта бизнесті қолдау шаралары туралы

Халықтың қалыпты деңгейдегі тіршілігін қамтамасыз етуге қол жеткізуі мен экономикалық дамуының басты стретегиялық факторының бірі — Қазақстанның экономикалық кеңістігінде, өндірістің барлық салаларында, әрбір кәсіпорын мен олардың бірлестіктерінде өркениетті заманауи кәсіпкерлікті қалыптастыру болып табылады.

Кәсіпкерліктің, ең алдымен шағын және орта кәсіпкерліктің даму деңгейіне еліміздің барлық экономикалық дамуы байланысты. Бизнес мемлекеттің экономикалық дамуына әсер ететін көптеген мәселелерді шешуге қауһарлы. Кәсіпкерліктің даму деңгейі неғұрлым жоғары болса, соғұрлым мемлекетте бәсекелестік дамиды, қорларды пайдалану нәтижелірек болады, импортқа деген тәуелділік азайып, жұмыссыздық пен кедейліктің деңгейі төмендей түседі.

Елбасымыз Н.А.Назарбаев әрқашан елімізде шағын және орта бизнестің дамуына зор мән береді, оның жүзеге асырылуы үшін елімізде «Бизнес жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және даму Бірыңғай бағдарламасы бастау алған.

2015 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «Бизнес жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және даму Бірыңғай бағдарламасын бекіту туралы» қаулыны қабылдады (ҚРҮҚ 2015 жыл 31 наурыз № 168). Ағымдағы жылдың сәуір айында ҚР Үкіметінің 2№ 234 қаулысымен Бағдарламаға өзгертулер енгізілді.

«Бизнес жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және даму Бірыңғай бағдарламасының қаржы агенті «Даму» Қоры, операторлары – «Атамекен» кәсіпкерлердің Ұлттық палатасы және Әкімдіктер болып табылады.

«Бизнес жол картасы – 2020» бизнесті қолдау және даму Бірыңғай бағдарламасы 2012-2020 жылдардағы Моноқалалар Даму және Бизнес жол картасы – 2020 Бағдарламаларының логикалық қосымшасы болып табылады.

Жобаның мақсаты қазақстандық кәсіпкерлерге өндірісті дамытуға, өндірілетін өнім мен қызметтер көлемін ұлғайтуға, жаңа жұмыс орындарын құруға және валюталық тәуекелге деген тәуелділікті азайтуға көмек беру болып табылады.

Сондай-ақ, бағдарлама Президенттің Қазақстан халқына жолдаған «Қазақстан – 2030» Стратегиясы және «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» жолдауында қойылған тапсырмалға қол жеткізуге бағытталған.

Бірыңғай бағдарлама 4 бағытты қарастырады:

1. Жаңа бизнес жобаларды қолдау.
2. Салалық қолдау.
3. Валюталық тәуелділікті төмендету.
4. Қаржылай қолдау шараларын ұсыну.

Бағдарламаның қатысушылары жеке және тиімді жобаларды жүзеге асыратын және жоспарлайтын кәсіпкерлер болып табылады:

Бағдарламаның бірінші бағытының аясында:
1. Кәсіпкердің тіркеу орны және салалық шектеуі жоқ шағын және моноқалаларда, ауыл аймақтарында жүзеге асырылатын жобалар.
Бағдарламаның екінші және үшінші бағыттарының аясында:
1. Бағдарлама аясында экономиканың басым секторларында жүзеге асырылатын жобалар;
2. Индустриялық-инновациялық даму Мемлекеттік бағдарламасымен белгіленген, өңдеу өнеркәсібінің басым салаларында жүзеге асырылатын жобалар.

1. Кәсіпкерлер үшін қаржылай қолдау келесі механизмдер бойынша жүзеге асырылады:
Кәсіпкердің борышқорлық жүктемесін төмендету үшін мемлекет бизнесменнің несие, қаржы лизингінің келісім-шарты бойынша пайыздық мөлшерлемені ішінара компенсациялауға дайын, яғни оны субсидиялайды.
Субсидиялауға жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, әрекет етуші өндірістерді жаңартуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар жатады.
Несие және қаржы лизингінің ең көп сомасы:
— Бағдарламаның бірінші бағыты үшін – 750 млн. теңгеге дейін;
— Бағдарламаның екінші және үшінші бағыттары үшін – 4,5 млрд. теңгеге дейін.
Қаржы лизингінің келісім-шарты немесе несиесі бойынша пайыздық үстеме 19 %-дан аспауы тиіс, оның ішінде мемлекет субсидиялайды:
бірінші бағыт аясында – 10 %, айырмашылығын кәсіпкер төлейді;
екінші бағыт аясында экономиканың басым секторларындағы жобалар бойынша субсидияланатын мөлшерлеме – 7 % құрайды, өңдеу өнеркәсібінің басым салаларындағы жобалар бойынша – 10 % құрайды.
үшінші бағыт аясында – 6 %, айырмашылығын кәсіпкер төлейді.
Жобаларды субсидиялау мерзімі 3 жыл, 6 жылға дейін созу мүмкіндігімен.
2. Кепілдендіру
Әр кәсіпкер несие алу барысында кепілзат ұсыну қажеттілігімен соқтығысады. Кәсіпкердің кепілзаты жеткіліксіз болған жағдайда, «Даму» Қоры» АҚ кепілдеме ұсына алады, яғни қажетті көлемдегі несиені алуға мүмкіндік береді.
Кепілдендіруге жаңа инвестициялық және тиімді жобалар, әрекет етуші өндірістерді жаңартуға және кеңейтуге, айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар жатады.
Несие және қаржы лизингінің ең көп сомасы:
— енді бастау алып жатқан және жас кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін (екінші және үшінші бағыттар аясында);
— әрекет етуші кәсіпкерлер үшін: Бағдарламаның бірінші бағыт аясында – 180 млн.теңгеге дейін, екінші бағыт аясында экономиканың басым секторларындағы жобалар үшін – 360 млн. теңгеге дейін, өңдеу өнеркәсіптерінің басым салаларында – 1 850 млн. теңгеге дейін.
Қаржы лизингінің келісім-шарты немесе несиесі бойынша пайыздық үстеме 19 %-дан аспауы тиіс.
Енді бастау алып жатқан және жас кәсіпкерлер үшін кепілдеме мөлшері несие сомасынан 85 % -ды құрай алады, экономиканың басым секторларындағы және өңдеу өнеркәсіптерінің басым салаларындағы жобалар бойынша әрекет етуші кәсіпкерлер үшін – 50 %-ға дейін. 360 млн. теңгеден 1 850 млн.теңгеге дейінгі өңдеу өнеркәсіптерінің басым салаларындағы жобалар бойынша кепілдендіру мөлшері несие сомасынның 20 %-ынан аспайды.
Сонымен қатар, айналым қаражатын 100%-ға толықтыруға бағытталған жобаларды кепілдендіруге жол беріледі:
— енді бастау алып жатқан кәсіпкерлер үшін 20 млн. теңгеге дейін;
— әрекет етуші кәсіпкерлер үшін 60 млн. теңгеге дейін.
Бағдарлама аясында жобаларды кепілдендіру мерзімі 5 жылға дейін, айналым қаражатын толықтыру несиелері бойынша – 3 жылға дейін.

3. Мемлекеттік гранттарды ұсыну
Кәсіпкерлер бизнесті дамыту үшін мемлекеттен қайтарымсыз грант ала алады. Мемлекеттік гранттар байқау негізінде ұсынылады.
Байқаулық іріктеудің қатысушысы өз ісін бағдарлама бағыты шеңберінде орындайтын кәсіпкерлер, сонымен қатар ісін жаңа бастаушылар, жас кәсіпкерлер, әйелдер, мүгедектер және 50 жастан асқан тұлғалар бола алады.
Жоба-байқауға қатысу үшін грант көлемінің кемінде 10 % — ын кәсіпкер қаржыландыруы қажет. Сонымен қатар, кәсіпкер «Бизнестің жол картасы 2020» немесе «Дорожная карта занятости 2020» бағдарламалары шеңберінде оқытудан өтуі тиіс.
Гранттың ең жоғарғы сомасы 3 000 000 теңгені құрайды.
Мемлекет грантының қаржысы сатып алуға жұмсалуы тиіс:
1) басты құралдар мен материалдарды;
2) бейматериалдық активті;
3) технологияларды;
4) франшизаға құқылығын;
5) жаңа технологияны енгізетін, зерттеу жұмыстарымен байланысты шығындарды.
Грант қаражаты жылжымайтын мүлікті, жер телімін және жалға алу төлеміне жұмсала алмайды.
Байқауды (Қарағанды облысы бойынша «Қарағанды облысының кәсіпкерлік Басқармасы») бағдарламасының аймақтық үйлестірушілері өткізеді.

4.Шағын несиелендіру
Шағын несиелендіру бағдарламаның бірінші бағыты аясында микроқаржы ұйымдарымен жүзеге асырылады.
Шағын несиелендіруге өз ісін ауыл аймақтарында, шағын қалалар мен моно қалаларда, салалық шектеусіз жүзеге асырып жатқан, сондай-ақ, айналым қаражатын толықтыруға және кеңейтуге бағытталған жобалар жатады.
Несиенің ең көп сомасы 10 миллион теңге.
Соңғы қарызгер үшін несие бойынша сыйақы мөлшерлемесі құрайды:
— 6% шағын несиелендіру бойынша Уәкілетті ұйым арқылы (ШУҮ – біздің аймақ үшін «Ауылшаруашылықты қаржылай қолдау Қоры» АҚ ҚФ).
Шағын несиелендіру мерзімі 54 айды құрайды.

Мемлекеттің шағын және орта бизнесті қолдауы туралы толығырақ мәліметті Сәтбаев қаласы, Сәтбаев даңғылы 108, 2 қабат, 27, 28, 29 кабинеттердегі «Сәтбаев қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі» ММ-нен, бөлімнің ресми сайтынан www.selhoz-satpaev.gov.kz немесе 3-74-53, 3-44-18 телефондары бойынша ала аласыз.

Комментарии закрыты.