Жезқазған кентінің әкімі А.Сәдуақасовтың 2016 жылғы атқарылған жұмыстары бойынша есебі

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Қазақстан халқына «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын арнай отырып, мемлекет дамуының жаңа бағыттарын айқындап берді. Бұл ретте негізгі басымдық отандық экономиканың өсіміне беріліп отыр.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Әкімдердің халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2013 жылғы 15 тамыздағы № 615 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде әкімдердің есеп беру кездесулерінің өтіп жатқаны өздеріңізге жақсы мәлім. Барлық деңгейдегі әкімдердің жыл сайынғы халықтың алдындағы есеп берулері еліміздің қоғамдық-саяси өмірінің маңызды буыны болып қана қоймай, сонымен қатар, атқарушы органдардың халықпен сұхбаттасу орны, көптеген мәселелерді шешудегі жауапкершілікті арттыратын құрал болып табылады.

Жезқазған кенті Сәтбаев қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 7 шақырым қашықтықта орналасқан. Кент құрамына ГРП, Весовая, Крестовский, Перевалка елді мекендері және Сәтбаев ауылы кіреді. Жалпы Жезқазған кенті аумағында бүгінгі таңда 5632 адам тұрады.
Кенттегі 57 зейнеткерлерге, 72 тыл ардагерлеріне және 65 мүгедек адамдарға 6 жастайынан мүгедек балаларға көлікте тегін жүру билеттері берілді.

Кент аумағында 4 мектеп орналасқан. Жезқазған кентінде орналасқан № 2 мектепте – 335 оқушы, Весовая елді мекеніндегі № 10 мектепте – 133 және № 12 мектепте – 274 оқушы, Сәтбаев ауылындағы № 17 бастауыш мектепте – 5 оқушы білім алады.

Жергілікті тұрғындарға медициналық көмекті Сәтбаев қаласы емханасының филиалы жүзеге асырады.

Весовая елді мекенінде №2 музыка мектебі орналасқан. Онда 193 бала флейта, аккордеон, фортепьяно, домбыра, қобыз үйірмелеріне қатысады.

Сонымен қатар, осы елді мекенде 39 000 кітап қоры бар отбасылық кітапхана орналасқан.

Айта кететін жайт, Қазақстан Республикасының 2001жылы 23 қаңтардағы жергілікті өзін өзі басқару туралы заңына сәйкес, Жезқазған кентінде тұрғындардың қатарынан жергілікті қоғамдастық құрылды. Ол жайында алдағы уақытта нақтырақ тоқталатын боламын.

Тұрғын-үй коммуналдық саласы

Елді мекендерді электр жарығымен, сумен, жылумен қамтамасыз ету және абаттандыру күнделікті бақылауда. Сәтбаев қаласы әкімінің «Сәтбаев қаласы және оған іргелес жатқан елді мекендер аумағында санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандырудың көктемгі екі айлығын өткізу туралы» және «күзгі екі айлығын өткізу туралы» өкімінің негізінде Жезқазған кентінде жалпы қалалық және жалпы облыстық сенбіліктер, тазалық бейсенбіліктері өткізіледі.

2016-2017 жылдарға арналған кестеге сәйкес, нысандарды жылу маусымына дайындау жұмыстары жүргізілді.

Барлығы 150 үйдің 111 үйінің баланс ұстаушысы «Сәт Тазалық» ЖШС болып табылады, ал, 39 көпқабатты үйлер ТКЦ құрамына енбейді. Жоғарыда көрсетілген 39 үйдің тұрғындарымен жылу маусымына дайындық және жауаптылық жөнінде жиын өткізілді. 39 үйдің қысқа дайындығы туралы актілері бар.

Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөнінде келесі жұмыстар жүргізілді: көктем мезгілінде су тасқынының алдын алу бойынша Жыланды өзеніне тәулік бойы бақылау жүргізілді, жазғы уақытта Сәтбаев ауылында өртке қарсы жаттығулар өтті, сонымен қатар, қысқы маусымда жолдар бақылауға алынды.

ТҮКШ бөлімінің мамандары Жезқазған кенті және іргелес елді-мекендердің жан-жағында жүргізілетін бұрғылау жұмыстарын қатаң бақылауға алды. «Кресто-Центр» және Шығыс Жезқазған кенішімен жүргізілетін аттыру жұмыстарына комиссия мүшесі болып, қатысамыз.
Жыл басынан бастап Жезқазған кенті полиция бөлімінің инспекторларымен бірлесіп жиын өткізілді.

ТҮКШ бөліміне қарасты сұрақтар бойынша күнделікті жұмыстар жүргізілуде және тұрақты бақылауда тұр.

Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді мекендерде қоқыс қалдықтарын шығарумен ”Сәт-Тазалық” ЖШС айналысады. Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді мекендерде барлығы 50 контейнер алаңшасы бар, осы контейнер алаңшаларындағы қоқыс қалдықтары күнделікті шығарылады, тұрғындар тарапынан шағымдар түскен жоқ.

Мемлекеттік сатып алу бойынша өткізілген конкурстың жеңімпазы болып «Гүлді қала» ЖШС анықталып, қазіргі таңда барлық көшелер жарықтандырылған.

Қазіргі уақытта Сәтбаев ауылына ауыз суды қыс мезгілінде 1 рет, жаз мезгілінде 2 рет «Гүлді қала» ЖШС жеткізеді.

Кенттің экономика саласы

Жезқазған кентінде және іргелес жатқан елді-мекендерде 29 дүкен, 2 наубайхана, 2 шаштараз, 3 дәріхана және 2 дәмхана жұмыс істейді. Оның ішінде Жезқазған кентінде 10 дүкен, Весовая елді мекенінде – 14, Крестовский елді мекенінде – 4, Перевалка елді мекенінде 1 дүкен бар.

Әлеуметтік маңызды азық-түліктердің әр ай сайын бағаларын қадағалау жұмыстары жүргізілді.

Әлеуметтік нан, ұн және әлеуметтік маңызы бар азық-түліктерге бағаны тұрақтандыру бойынша кездесулер мен жұмыстар жүргізілді.

Ауылшаруашылық саласы бойынша

2016 жылы Жезқазған кентінде ауылшаруашылық кітабындағы мәліметтер бойынша 155 Ірі қара мал басы, 128 ұсақ мал басы, 33 жылқы басы, 102 шошқа, 250 құс тіркелген.

Сонымен қатар, арнайы ұйымдастырылған иесіз, қаңғыбас ит-мысықтарды аулау тобымен 282 ит және 175 мысық ауланды.
2016 жылы «Жұмыспен қамтудың жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша Жезқазған кенті, Жамбыл көшесі, 3 үй, 3 пәтер тұрғыны Аманбаева Камшат Оразалиевнаға 3 млн.теңге микро несие берілді. Перевалка елді мекені Достық көшесі 49 үйідің тұрғыны Бегайдарова Қарлығаш Серікбаевнаға қоғамдық тамақтану үшін 2,5 млн.теңге микро несие берілді.Крестовский елді мекені, Октябрьская көшесі, 17 үй, 3 пәтер тұрғыны Токетерова Гүлжамал Омирзаковна 3 млн. теңге мал басын көбейту үшін микро несие алды. Перевалка елді мекені Линейная көшесі, 10 үй тұрғыны Қызыров Зиярат Абдигалапович 3 млн. теңге мал басын көбейту үшін микро несие алды. Перевалка елді мекені Линейная көшесі, 9 үй тұрғыны Конин Александр Михайлович 1,2 млн. теңге көлемінде мал басын көбейту үшін микро несие алды.
Кент әкімінің аппаратымен жылына 2 рет 1 қаңтарда және 1 шілдеде Жезқазған кентінің және іргелес жатқан елді-мекендердің (Весовая, Крестовский, Перевалка, ГРП), Сәтбаев ауылының барлық тұрғын үй қорын шаруашылық бойынша есепке алу жұмыстары жүргізіледі.

Қоныс аудару бойынша атқарылған жұмыстар

«Қарағанды облысының Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Ұлытау ауданын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2017 жылдарға арналған кешенді жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсанындағы №1505 қаулысын жүзеге асыру мақсатында барлығы 2783 үй қоныс аударылады, оның ішінде 1 кезеңі бойынша Жезқазған кентінің оңтүстік бөлігі мен елді-мекенінен 54 нысан; 2 кезең бойынша Жезқазған кенті 1098 нысан, оның ішінде 837 көппәтерлі үйлер, 261 бір қабатты үйлер; 3 кезең бойынша Весовая, Крестовский, Перевалка 1631 нысан, сонымен қатар, 1 кезеңі бойынша 49 үйлер көшірілді, 5 үй қалды; 2 кезең бойынша 261 жер үйден 136 үй көшірілді 125 үй қалды; 3 кезең бойынша 837 көпқабатты үйлерден 458 келісім-шартқа қол қойған үй иелер саны; келісім шартқа қол қойған кент тұрғындары бір ай ішінде жеке пәтерлеріне қоныс аударуда.

Кент әкімінің аппараты Жезқазған кентінің оңтүстік бөлігі және ГРП елді мекенінде қоныс аударылмай қалған үйлерді жылу және электр желілерімен, сумен қамтамасыз етілуін қадағалауда.

Аталған мәселелер жергілікті атқарушы органның тұрақты бақылауында тұр.

Жергілікті қоғамдастық жұмысы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» заңына сәйкес, жергілікті қоғамдастық Жезқазған кентінде 2015 жылғы 17 қарашада құрамында 11 адам болып құрылды. Жергілікті қоғамдастықтың Жезқазған кентінде есепті кезеңде 4 отырысы өткізілді.

Бүгінгі күнде көтерілген барлық мәселелер бойынша жұмыстар атқарылып, алдағы уақытта шешімін табатын болады.

2017 жылы Жезқазған кенті және іргелес жатқан Весовая, Крестовский және Перевалка елді мекендерінде төмендегідей жұмыстар жоспарланып отыр:

-Елді мекендерді абаттандыру және көгалдандыруға 632 мың теңге;
-Елді мекендерді жарықтандыру, шамшырақтарды күтіп ұстауға 868 мың теңге;
-Елді мекендердің санитарлық тазалығын қамтамасыз етуге 566 мың теңге;
-Сәтбаев ауылын ауыз сумен қамтамасыз етуге 800 мың теңге қажет

Егер мәслихат депутаттары тарапынан қолдау табылып, бекітілсе бұл жұмыстар толыққанды атқарылады.

Комментарии закрыты.