Жаңа мүмкіндіктер алаңы

Астана қаласында ағымдағы жылдың 10 маусымы мен 10 қыркүйегі аралығында  «Болашақ энергиясы» тақырыбымен Халықаралық мамандандырылған «ЭКСПО-2017»  көрмесі өтеді.

Көрмеге 5 миллион турист келеді деп күтілуде. Көрме билеттерінің құны 6 мың теңгеден басталады. Барлық Қазақстан бойынша оффлайн-кассалар 2016 жылы 1 қыркүйекте ашылды.  Ол арқылы елімізге ірі инвестициялар тарту және республикамыздың экономикалық және инфрақұрылымдық дамуын қосымша ынталандыру мүмкіндігі артады.

ЭКСПО қалашығы мен түрлі жоба нысандары көрме аяқталғаннан кейін де қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызмет ететін болады. Жоба барысында қонақ үй ретінде соғылған көпқабатты ғимараттар қала әкімдігіне өтіп, тұрғын үйлердің қатарын толықтырады.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.