Тәуелсіздік тұмары

Ширек ғасырда тарих бетінде шежірелі оқиғаларды бедерлеген Тәуелсіз Қазақстанның азаттығын әйгілейтін белгілеріміз – мемлекеттік рәміздерге биыл –25 жыл.

Туымыз, Елтаңбамыз, Әнұранымыз бүкіл халқымызды бір мақсатқа жұмылдырып, рухтандырып тұрады.
Бүгінде көгілдір түсті Туымыз бен ортасында шаңырақ бейнесіндегі алтын сәулелі күн орныққан Елтаңбамыз бүкіл әлемге Қазақстан Республикасы аталатын Тәуелсіз Мемлекет бейнесін паш етіп келеді. Көк байрағымыз Біріккен Ұлттар Ұйымы ғимаратының алдында, бүкіл дүние жүзіндегі мемлекеттерде орналасқан елшіліктеріміздің маңдайшаларында тұр. Қазақтың көк Туын ғарышкер Алаш азаматы Талғат Мұсабаев ғарыш кемесімен бірге алып ұшып, жеті қабат көктің жүзіне көтерсе, альпинистеріміз әлемнің ең биік шыңдарына қадады, дүлдүл спортшыларымыз Әнұранмен бірге басқа елдердің алдында абырой биігіне көтере желбіретуде.

Комментарии закрыты.