ТӨРТ БАЛА ЖЕТІМ ҚАЛДЫ

Тауық жылының табалдырығын аттар тұста кеншілер қаласында бір отбасы қара жамылды.

Тура 31 желтоқсанда таңертеңгілік Шығыс Жезқазған кенішінің №55 шахтасында кенеттен кен қабаты қопарылып, төбе бекітуші Б.Көлбаев қаза тапты. Кеншілердің қауіпсіз жұмыс істеуіне қалыпты жағдай жасаймын деп жүрген 35 жастағы жігіттің артында аңырап әйелі және төрт бала жетім қалды. Ұлының алды 12 жаста, кенжесі — төртте және 6 жаста қызы бар.
Әрине, кен өндірісінде қатер қашан да қанжығаласып қатар жүреді. «Қазақмыстың» басшылығы да өндірісте қауіпсіздік техникасын сақтаудың әлемдік үлгідегі заманауи бағдарламасын енгізіп жатқанын жариялаудан жалықпайды. Өкінішке орай, одан азайып жатқан апат шамалы.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.