Кезекті отырыс

Қала басшысы С.Медебаевтың төрағалығымен әкімдіктің кезекті  отырысы өтіп, күн тәртібінде 12 мәселе  қаралды.

Сәтбаев қаласы әкімі аппаратының жұмылдыру дайындығы, АҚ істері және ТЖ бас инспекторы Е.Сәлемов 2011 жылға арналған Сәтбаев қаласының аумағында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және табиғи өрттерді сөндіруді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары туралы баяндады. Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің бас маманы А.Байсалбаев Сәтбаев қаласы әкімдігінің «Сәтбаев қаласының дипломы бар жұмыссыз жастарына арналған кәсіби тәжірибені ұйымдастыру туралы» 2009 жылғы 29 сәуірдегі №09/36 қаулысына өзгерістер енгізу туралы қаулыны ұсынды.

Қаланың тыныс-тіршілігіне қатысты 5 сұрақ бойынша жер қатынастары бөлімінің бас маманы Д.Мейрбек ақпарат берді.

Одан кейін қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі А.Утенова қалалық консультативтік-кеңесші  орган туралы, осы бөлімнің бас маманы С.Тезекпаева қорғаншы тағайындау туралы ақпарат жеткізді.

Соңғы сұрақ – кәмелетке толмағандарға қамқоршы тағайындау туралы қалалық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің сектор меңгерушісі Ғ.Сейтмағанбетова баяндады.
Барлық қаралған мәселелерге байланысты тиісті шешім қабылданды.

Бағдат Қазкенов.

Комментарии закрыты.