Қатарымызға қос газет қосылды

Ұлытау-Жезқазған аймағының ақпарат айдынына тағы екі басылым келіп желкенін жайды. Ол – «Аймақ ақшамы» және «Вечерний Сатпаев» деп аталатын газеттер…

Қоғамдық-танымдық, ақпараттық-жарнамалық бағытты ұстанған басылымдардың иесі біреу. Ол – аймағымызға танымал журналист, Сәтбаев қаласындағы «Шындық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абдолла Дастанов.

– Аймақ тұрғындарын ақпаратпен қамтамасыз ететін газеттер көп болуы керек, сол мақсатта тағы екі басылым жарыққа шықты. «Аймақ ақшамы» және «Вечерний Сатпаев» деп аттары айтып тұрғандай, газет біздің өміріміздің сан саласындағы ақпаратты қамтымақ. Қос газеттің негізгі міндеті – қоғамдағы процестерді ақпараттық тұрғыда баяндау ғана емес, оның түп-төркініне үңіліп, қайшылықтарын, механизмдерін іздеу. Газеттердің алғашқы санынан бастап осыған басымдық бердік, – дейді қос басылымның бас редакторы.
Ақпарат майданында газет пен электрондық ақпарат құралдарының айқасы қызып тұрған мына заманда Әбекеңнің батылы барып баспасөзге бұғалық тастауы көзсіз ерлігі десек болғандай.
Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.