Ең басты байлық

Тіл – ұлы күш, байлықтың ішіндегі ең бастысы. Тілі бар халықтың жері бар, мемлекеті бар, тарихы бар, дәстүрі, әдет — ғұрпы, өзіндік мақтанышы бар.

Нағыз қазақ үшін өз тілінде сөйлеу, төл тілінде ойлау, осы тілде өзара қарым-қатынасқа түсу, қазақша өмір сүру ғанибет қана емес, ұрпағы алдындағы парызы.
Тіл мәселесі – өте маңызды әрі жауапты. Ол біріншіден, өзімізді ұлт ретінде сақтаудың қорғаны. Екіншіден, барлық қазақстандықтарды біріктіруші ортақ байлығымыз. Мемлекеттік тілді білу әр жанұяның, әр ұжымның, әр әулеттің негізгі мақсатына айналуы керек.
Тіл күн шалмас қараңғы көңілді шалады, күн жылытпас суық көңілді жылытады. Тіл – ел мен елді, халық пен халықты жақындастыратын алтын көпір.
Мемлекеттік тіл – мемлекеттің бүкіл аумағында, қоғамдық қатынастырдың барлық салаларында қолданылатын тіл болғандықтан, жүргізілетін барлық іс қағаздары мен құжаттар да мемлекеттік тілде болуы тиіс. Өйткені, өркениетке құлаш ұратын елдің өрісі қашан да білікті де саналы ұрпақпен кеңеймек.
Саналы, сауатты ұрпақ дегеніміз – өз ана тілінде еркін сөйлей алатын, оны терең, жетік меңгерген ұрпақ.
Әр азамат өзінің ана тілін көзінің қарашығындай қорғауы және ана тілінің орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс.
Тіл тағдыры ел тағдыры екенін ешуақытта ұмытпайық. Әрбір адам өз ана тілін білуі және мемлекеттік тілді меңгеруге міндетті.

Гүлназ Түктібаева, Сәтбаев қаласы Ішкі істер бөлімінің қазақ тілі мұғалімі.
Ана сүті бой өсіреді, ана тілі ой өсіреді.
*****
Тілін білмейтіндер емес,
тілін білгісі келмейтіндер – мәңгүрт.
*****
Адам көңілден азады, тілден жазады.
*****
Ана тілі – бәріміздің анамыз,
Өйткені, ол – ұлтымыздың анасы.
*****
Ана тілің алпыс тілге татиды.
*****
Атағыңды өсіретін де, өшіретін де – тіл.
*****
Әрбір халық өзінің ана тілінде ғана бақытты.
*****
Жалтақтамай өзге тілді ұлысқа
Ең алдымен өз тіліңді дұрыста.

Комментарии закрыты.