Балалар мерекесінде дүниеге келді

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінде Сәтбаев қаласы тұрғындарының қатарына тағы бір азаматша қосылды.

Жаздың алғашқы күнінде Аккикеловтар отбасы  тұңғыштары дүниеге келіп, қуанышты болды. Кариданың папасы  Данияр Жезқазған қаласындағы жылу-энергия орталығында слесарь болып еңбек етеді, мамасы үй шаруасында.

– Осындай үлкен мерекеде аман-есен кішкентайлы  болғанымызға қуаныштымыз. Атын Карида деп әжесі қойды. Барлық  балаларды бүгінгі мерекелерімен құттықтаймын, бақытты балалық шақ, жарқын болашақ тілеймін, – дейді жас ана Дана Сұлтанбергенова.

Марал Шахаева.

Комментарии закрыты.