Әкімдер есебі басталды

Еліміздің барлық аймақтарындағы сияқты Ұлытау ауданында да ауыл әкімдерінің тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуі өз жұмысын бастады. Дүйсенбі күні Терісаққан, Шеңбер ауылдарының әкімдері жыл бойғы жұмыстарын сараласа, сейсенбіде Аманкелді ауылының әкімі ауыл тұрғындарының алдында есеп берді.

Кездесуде ауыл әкімдері селолық округтің әлеуметтік-экономикалық дамуы, 2016 жылдың қорытындысы мен биылғы жылғы алға қойған жаңа міндеттер барысы туралы  баяндама жасады. Олар жұртшылыққа өткен жылы тұрғындар тарапынан келіп түскен сұрақтар, олардың орындалысы, ауыл тұрғындарының саны, өсу динамикасы, білім, денсаулық, мәдениет, спорт, жұмыспен қамту, әлеуметтік көмек, кәсіпкерлік, қоғамдық қауіпсіздік, ауылдың алдағы жоспарлары туралы нақты ақпарат берді. Кездесу барысында әкімдер ауыл аумақтарында арнайы қойылған  жәшіктерге келіп түскен, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған  сұрақтарға жауап берді. Жұртшылық ауыл әкімдерінің есебіне ризашылықтарын білдіріп, бағаларын берді.

Топтаманы әзірлеген Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.