Мерзімінен бұрын алуды ұсынды

Парламент депутаттары зейнетақы қорының тағдырын сөз етті, деп хабарлайды «Евразия» арнасы. Олар тұрғындардың қордағы қаражатты мерзімінен бұрын алуына мүмкіндік беру керек дегенді алға тартыпты.

«Зейнетақы қорындағы қаражатты алған жұртшылық оны оқуға, емделуге, несиесін жабуға жұмсар еді», деп отыр халық қалаулылары. Әрине, бұл ретте қорда белгілі бір мөлшерде ақша қалу керек дегенді айғақтайтын шектеу де қатар енгізілуі тиіс. Ол ақша зейнетке шыққаннан кейін беріледі.
«Мен толыққанды орта деңгейден де жақсы өмір сүру үшін актуарны есепті санап беріңіздерші. Қалғандарын алып тастауға рұқсат беріңіздер», – дейді ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Гүлжан Қарағұсова.
Сонымен қатар, мәжілісмендер кәсіпкерлерге салынатын тұрақты салық туралы мәселені де айналып өтпеді.
«Біз азаматтармен кездесіп, өңірлерден келдік. Сонда кәсіпкерлер 2016 жылы салық органдары тарапынан тексеріс қатты болғанын айтып шағымданды. Өткен жылдың 11 айында бюджетке әкімшілік айыппұл, өсім, санкция, салық бәрін қосқанда 6,2 миллиард теңге түскен. Бұл 2015 жылмен салыстырған бір жарым есеге көп. Бүгін менің әріптесім мұндай нәтижені Тәуелсіз Қазақстан тарихында әлі естімегенін айтты», – деді депутат Аманжан Жамалов.

Комментарии закрыты.