«ҚУАТТЫ КҮШ»

Қазір қоғамнан қыз-келіншек араласпайтын саланы табу қиын. Қызметін қатырып қана қоймай, отбасының да ұйтқысы болып жүргені. Бәріне үлгереді! «Қазақмыста» еңбек ететіннің де әрбір үшіншісі қыз-келіншек екен. Бұл дегенің қуатты күш қой!

Мен сол «қуатты күштің» қатарында жүрген нәзік жанның бірнешеуі туралы әркезде жазғанымды топтастырып, қыз-келіншектер мерекесі құрметіне «Қыз-келіншек — қуатты күш» деген жинақ құрастыруға бел буып отырмын. Қысқасы, кейіпкердің түрлі-түсті суретімен безендірілген шағын-шағын суреттеме жинағын шығармақпын. Ендеше, кейіпкерлермен таныс бол.

Шығыс Жезқазған кенішінен: Айжан СМАИЛОВА, Айнагүл КӘРІМОВА, Гүлнар АҚМАҒАМБЕТОВА, Гүлниса ӘУБӘКІРОВА.
Оңтүстік Жезқазған кенішінен: Гүлмира БАЛАПАНОВА, Күлаш НҰРҚЫШЕВА, Күміс ЫСҚАҚОВА, Орынбасар ЕРКІНБЕКОВА, Шайгүл ТАЙЛАНОВА.
Солтүстік Жезқазған кенішінен: Жеңіскүл СЫЗДЫҚОВА, Сәулеш БАЙҚОҢЫРОВА.
«Жомарт» кенішінен: Гүлия МЫРЗАБАЕВА, Сәбира ҚЫДЫРПАТШАЕВА.
Жезқазған мыс қорыту зауытынан: Бақыткүл ЖӘКЕЕВА, Сәуле ӨСІПОВА.
Жезқазған құю-механикалық зауытынан: Роза ӨМІРЗАҚОВА, Саяжан БАЛАБИЕВА.
Сондай-ақ: Бақытжамал СҮЛЕЙМЕНОВА (ПТЦ), Гүлнар АЙРАНБАЕВА («ПромТрансМенеджмент»), Дана ШАЙМАҒАМБЕТОВА («Самсунг» МО), Әсемгүл ДҮЙСЕНОВА (сервистік қызмет басқармасы), Зәмзәгүл САТЫБАЛДИНА (ЖБФ), Зүбайра ТЕМІРБАЕВА (орт. бухгалтерия), Мәриямкүл ТӘКІШЕВА (ЗГШО), Нағима ЖАНСЕЙІТОВА (сапа бақылау және тех.процесті тексеру департаменті), Салтанат САТТАРОВА (диспетчерлік қызмет), Светлана НЫСАНБАЕВА («ЖТМ» ӨБ кеңсесі), Үміт ТӨЛЕКБАЕВА («ЭнергоЖелісі»),
Ал, салақұлаш тізім берудің себебі не? Қазір беталды қаражат шашатын кез емес. Кітапты керегінше ғана шығарасың. Егер қосымша тапсырыс түспесе, кейіпкерлерге жететіндей ғана данамен шектелемін. Ал, кейіпкерлерімнің жақындарымен олар еңбек ететін кәсіпорын қызығушылық танытып жатса, құба-құп!
Менің мына телефондарым арқылы хабарласуына болады: 8 701 272 54 56, 8 777 573 01 58.

Әлібек ӘБДІРАШ.

Комментарии закрыты.