Тұрғындарды толғандырған мәселе тыңдалды

«Нұр Отан» партиясының негізгі мақсаттарының бірі – халық мүддесін қорғап, үнемі жанынан табылу болса, партия жанында құрылған қоғамдық қабылдау бұл мәселеде үлкен рөл атқарады.

Сәтбаев қаласындағы бас партия филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау ісі де жүйелі түрде жүргізіліп, көкейіндегі түйіткіл мәселелерін шеше алмай жүрген талай азаматтарға көмек берді десек артық айтқандық емес. Арнайы кесте бойынша жүргізілетін қабылдауға келген азаматтар өздерін толғандыратын сауалдарға жауап алу мүмкіндігіне ие болды. Қабылдауға келген тұлғалардың өтініш, тілектерін депутаттар мен басшылар назарға алып, оларды шешу амалын іздестіреді. Сол себепті қоғамдық қабылдау – халық пен билік арасындағы алтын көпір десек дұрыс болады.

Осындай нәтижелі іс өткен аптада да болды. Партия филиалының жұмыс жоспарына сәйкес Сәтбаев қалалық мәслихатының депутаты Владимир Цой азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Халық қалаулысына өтінішпен келген қала тұрғыны Сарбиназ Наурызбаева немересі Шахимардан Рашидовтың паспорт алуына көмек сұрады. Әжесінің айтуынша, Шахимардан 2007 жылы Өзбекстан Республикасында дүниеге келіпті. Ата-анасы – Қазақстан азаматтары. Депутат бұл өтінішті тиісті құзырлы орындарға жіберетінін айтты.

Өткен аптада сондай-ақ, «Нұр Отан партиясы» Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев пен «Сәтбаев қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ басшысы Бауыржан Әпеков азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.

Қабылдауға келген Мидхат Сафиуллин 1975-1979 жылдары, ГПУ № 31-де ұңғылаушы, кейін ШЖР № 57 ТОРО жүргізуші болып жұмыс істеген. Қазіргі таңда жұмыссыз.

Екі қолға бір күрек іздеген Серік Байдалинов те Сәтбаев қалалық мәслихаты депутаты Иманбай Бралиннің қабылдауына келіп көмек сұрап кетті.

Қоғамдық қабылдауға келген азаматтарға халық қалаулылары мен мекеме басшылары қолдан келген көмектерін жасайтындарын айтты.

Комментарии закрыты.