Сәтбаев қаласының әкімі А.А.Ыдырысовтың 2016 жылдың қорытындысы бойынша халық алдындағы есебі

Жыл сайынғы барлық деңгейдегі әкімдердің есеп беру кездесулері халық пен билік арасындағы ашық әңгіме алаңы болып табылады. Өткен жылдың қорытындысын шығара отыра, келелі мәселелерді анықтау, басымдық берілетін міндеттерді нақтылап, оның шешу жолдарын қарастыруда бұл кездесулердің берері мол.

Сәтбаев қаласының 2016 жылға арналған негізгі әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Қала халқының саны 69 мың 919 адамды, оның ішінде экономикалық белсенділері 38 мың адамды құрап отыр.
2016 жылы өнеркәсіптік өнім көлемі 44 млрд. 267 млн. теңгені құрады, бұл 2015 жылдың көрсеткішінен 3 есе артық.Айғақты көлем индексі 279% құрайды.
2016 жылдың қорытындысы бойынша мыс кенін өндіру көлемі 16,8 млн. тоннаны құрады, былтырғы жылдың көрсеткішінен 3,8%-ға артық.
Ағымдағы жылы жаңа Жыланды кен орны іске қосылды, Шығыс және Батыс Сарыоба кеніштерінде кен өндіру жалғасуда, Қарашошақ кен орнын белсенді пайдалану жоспарланып отыр.
№3 кен байыту фабрикасының ауданыңда Жыланды кен орнының тотыққан кендерін шаймалау әдісімен катодты мысты қайта өңдеу зауытының құрылысы жоспарлануда. Зауыттың жобалық қуаты жылына 846 мың тонна кен мен 5000 тонна катодты мысты құрайды. Зауытты салу кезінде 260 жұмыс орны, ал пайдалануға берілгеннен кейін 122 жұмыс орны құрылады.
«Казахмыс Мэйнтенанс Сервисиз», «Надежность и долговечность», «Рудсервис К», «Казцентрналадка» жүйе құраушы кәсіпорындарының жоғары көрсеткіштері байқалады, олар есепті кезеңде 40 млрд. теңгеден астам қызмет көрсетті, бұл былтырғы жылғы деңгейден 3 есеге жоғары.
2016 жылы кәсіпкерліктің белсенді өсуі байқалады. Мәселен, есепті кезеңде меншікті және қарыз қаражаты есебінен 19 бизнес нысандары іске қосылды, өткен жылғы кезеңге қарағанда 5 нысанға артық. Салынған инвестициялар көлемі 3 есеге өсіп 795 млн. теңгені құрады, жаңадан 91 жұмыс орны құрылды.
Мысалға, «Ахтямов» ШҚ құс фабрикасын кеңейту және жаңғырту жоба бойынша қуаттылығы 75 мың бас мекиенді құрайды, жалпы құны 56 млн. теңге. Қазіргі уақытта құрал-жабдықты жөндеу және монтаждау жұмыстары аяқталды, 25 мың бас балапан сатып алынды.
Жалпы құны 10 млн. теңгені құрайтын 50 басқа арналған «Шиндин» ЖК-нің мал шаруашылығы кешенін құру жобасы «Ұлар» кредиттік серіктестікпен мақұлданды.
Сонымен қатар, Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын жүзеге асыру шеңберінде Сәтбаев қаласында «Ұлытау мол» және «Болашақ» ірі сауда нысандары іске қосылды.
Тіркелген кәсіпкерлік субъектілерінің саны – 2 835. Шағын және орта кәсіпкерлікте 5 049 адам жұмыс істейді, ол 2015 жылға қарағанда 9,9%-ға артық.
2016 жылдың қорытындысы бойынша шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнім өндіру көлемі (жұмыс, қызмет) 2015 жылмен салыстырғанда 13,3% өсті немесе 6 млрд. 852,7 млн. теңгені құрады.
2016 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығында жалпы өнім көлемі 1 033,2 млн.теңгені құрады немесе 2015 жылға қарағанда 6,3%-ға артты. Айғақтық көлем индексі – 103,1%. Сондай-ақ, ет өндіру 21,6% (441,6 тонна) өсті.
Құрылыс жұмыстарының көлемі 9 млрд. 536,5 млн. теңгені құрады. 2016 жылы тұрғын үйді пайдалануға беру 58 мың ш.м. құрап, өткен жылдан 6 есе артты.
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 22,5 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылға қарағанда 61,6% — ға артық.

Мемлекеттік және аймақтық бағдарламаларды іске асыру
«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 6 ықшам ауданда ҚР Ұлттық қоры есебінен 600 орындық мектеп құрылысы аяқталды, тапсырыс беруші – Қарағанды облысы құрылыс басқармасы. 2016 жылы 1 070 млн. теңге бөлініп, игерілді. Нысан 2016 жылғы 30 қыркүйекте мемлекеттік комиссия актісімен қабылданып алынды.

Аймақтарды дамыту бағдарламасы 2020
Моноқалаларды дамыту бағдарламасы бойынша 2016 жылы Жезқазған кентінің тұрғындарын көшіру бойынша салынып жатқан тұрғын үйлерге инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымның құрылысына 1274 млн. теңге игерілді.
Сонымен қатар, Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарын орындау мақсатында Жезқазған кентінің тұрғындарын көшіру үшін 15 және 25 көпқабатты тұрғын үйлердің құрылысына 8 338 млн. теңге игерілді.

2015-2019жж. ҚР индустриалды-инновациалық дамыту мемлекеттік бағдарламасы
2013 жылдан бері Кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы сомасы 325 млн. теңге болатын 2 жоба жүзеге асырылуда, 43 жұмыс орны құрылған:
«Тау-кен жабдықтарына арналған компрессорлық қондырғы өндірісін ұйымдастыру» — «Рудсервис К» ЖШС.
2016 жылдың нәтижесі бойынша 21 млн. 142 мың теңге болатын 3 компрессорлық қондырғы өндірілді.
«Дөңгелекті тіреуіштер өндірісі» — «Л.М.Гелисханова»ЖК.
2016 жылдың нәтижесі бойынша 44 млн. 500 мың теңге болатын 4361 дөңгелекті тіреуіштер өндірілді.
Одан басқа, «Л.М.Гелисханова» жеке кәсіпкердің жобасы іске асырылуда – «Тау-кен шахта жабдығына қосымша қосалқы бөлшектер шығару өндіріс кешенін қайта құру және кеңейту», жалпы сомасы 250 млн.теңге. Жоба шеңберінде жалпы көлемі 300 м2 болатын 2 цех құрылды, жабдықтармен толығымен жасақталды. 10 жұмыс орны құрылды. Пневмоцилиндрлер, вибростолдар және 500-ден астам әр түрлі құрылымды металл бұйымдарын жөндеу жоспарлануда.
Жезқазған аймағын әлеуметтік-экономикалық дамытудың кешенді жоспарына сәйкес, Сәтбаев қаласында қажетті инфрақұрылым жүргізе отырып, индустриялық парк құру қаралған.
Жалпы ауданы: 12 гектар;
Жобаның жалпы құны шамамен 3 млрд. теңге;
ИКИ құрылыс құны: 1 млрд. 261 млн. 663 мың. теңге;
Жаңа жұмыс орындары: 450 бірлік;
Негізгі бағыттары:
тау-кен шахта машиналарын жасау;
энергетика машиналарын жасау (баламалы энергетика);
трибоматериалдары өндірісі.
Көмекші бағыттары:
түсті металдан құю өндірісі және металл өңдеу;
жылыжай шаруашылығы;
логистикалық қызметтер.
Ағымдағы ахуалы: көлемі 12 гектар болатын жер телімі бөлінді. 2016 жылғы 21 қарашада ТЭН Индустриалды саябақтың мемлекеттік сараптамасының қорытындысы алынды. Қазіргі уақытта ЖСҚ өндіру және мемлекеттік сараптамасын өту мақсатында 5 млн. теңге қаражат бөлінді.
«Бизнестің жол картасы — 2020» бизнесті дамыту және қолдау мемлекеттік бірегей бағдарламасы
Бизнестің «жол картасы-2020» бағдарламасы бойынша 2016 жылы лизингтік / несие мөлшерлемесі бойынша субсидиялау механизмдері:
— «Ахтямов Р.Н.» ШҚ «Құс фабрикасының айналымын толықтыру. Кәсіпорынды кеңейту және жаңарту» және «Эберман А.В. «Triksat» «Тоқу цехын кеңейту» жобалары Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасына қарастыруға жіберілді.
Сонымен қатар, 2017 жылы жалпы құны – 3 млрд. 409 млн. 520 мың теңгені құрайтын 206 жұмыс орны бар несие қоржынының 11 жобасын жүзеге асыру жалғастырылады.
Кепілдеме несиелері бойынша екі жоба бекітілген:
1) «ЖК Абайдильдинова А.С.«Азық-түлік тауарларын көтерме бағамен сатуды ұйымдастыру мақсатында коммерциялық мүліктерді алу»
Жобаның жалпы құны: 5 млн. 580 тыс. теңге – қарыз қаражаты, 5 жұмыс орнын құру жоспарлануда.
Ағымдағы жылдың басында жоба «БанкЦентрКредит» АҚ ЖФ-ның қаржыландыруы және несие бойынша «Даму» РФАҚ кәсіпкерліктің даму Қорымен мақұлданды.
Қазіргі уақытта жобаны кәсіпкердің өзі қаржыландыруда:
2) ЖК «Эберман А.В.» — «Сәтбаев қаласында тоқыма цехын кеңейту». Жобаның жалпы құны 8 млн. 920 теңге – қарыз қаражаты, 5 жұмыс орны құрылады.
Жоба кепілдеме механизмі бойынша «Даму» РФАҚ кәсіпкерліктің даму Қорымен мақұлданды.
Мемлекеттік грант ұсыну механизмі бойынша байқауға 11 кәсіпкер қатысты, оның ішінде «Балгазина К.К.» ЖК «Балалық түзету-дамыту «Smile» орталығы».
Жобаның жалпы сомасы 2,970 млн. теңге, грант қаражаты 2,7 млн. теңге, 3 бірлік жұмыс орны құрылды.
2016 жылдың 28 желтоқсаны бойынша мемлекеттік грант ұсыну туралы үш жақты келісім-шартқа қол қойылды (кәсіпкер, Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы және АФ АҚ «Даму қоры» арасында). Нысаналы мақсатына сәйкес, кәсіпкерлер грант қаражатын игеру жұмысын жүргізуде.
Микронесиелеу :
Сәтбаев қаласы бойынша микронесиелеу механизмі бойынша жалпы құны — 12,7 млн.тг тұратын 3 жоба мақұлданды.
«Диметов А.Р.» ЖК, «СТҚ кеңейтілуі. Жабдықтарды сатып алу» — ЖК «Диметов А.Р.», қарыз сомасы 3 млн теңге.
«Жем беру алаңы» ЖК «Карабаев Е», қарыз қаражаты – 3 млн.теңге.
«МИР – ТІЛЕК» ЖШС – «Көкөніс қоймасы бар жылыжай шаруашылығын ұйымдастыру» (Лекеров Ж.), қарыз қаражаты – 6,7 млн.теңге.

2016 жылдың қараша айынан бастап Сәтбаев қаласындағы Қарағанды облысының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы филиалында Сәтбаев қаласының ШОБ субъектілеріне Мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде бизнесті қолдау механизмдері туралы ақпарат және қол жетімділігі бойынша кеңес жүргізу мақсатында ақпараттық орталық жұмысын атқаруда. Аталған орталықта тегін негізде, келесі банктердің жетекші менеджерлері несие саласы бойынша кеңес беру жұмыстарын жүргізуде: «Қазақстан Ұлттық Банкі» АҚ ЖФ, «Банк Центр Кредит» АҚ ЖФ және «Казкоммерцбанк» АҚ ЖФ.
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдеріне бағаның себепсіз өсуіне жол бермеу мақсатында жұмыстар жалғасуда.
Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін әр сенбі сайын өтетін жәрмеңке «Әсел» базарынан «Универсам» дүкенінің маңайына ауыстырылды.
Жыл басынан бері 54 жәрмеңке өткізілді, сатылған өнім сомасы 452 млн.теңгені құрады. Одан басқа Сәтбаев даңғылы бойынша («Универсам» дүкеніне қарама-қарсы) қаламызда екі рет «Жасыл керуен» атты аймақаралық акция ұйымдастырылды, акция аясында Оңтүстік Қазақстан облысынан және Қарағанды облысының басқа аймақтарынан әкелінген көкөніс өнімдері сатылымға қойылды, өнім көлемі 62 тн, жалпы сомасы 5 млн.теңгені құрады.
Сонымен қатар, басты азық-түлік өнімдерінің бағасын тежеу мақсатында, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерін төмендетілген бағамен сату үшін әлеуметтік павильон ашылды.
Сәтбаев қаласында өсімдік шаруашылығын дамыту мақсатында, «Дин» шаруа қожалығы 8 га жерге егу жұмыстарын жүргізді, егіннен 50 тн. картоп, 20 тн. қарбыз, 15 тн. қауын жиналды. Көкөніс өнімдері қаланың сауда орындарында және ауылшаруашылық жәрмеңкесінде арзан бағамен сатылды.

«Агробизнес -2020» 2013-2020 жылдарға ҚР-да агроөнеркәсіптік кешеннің даму бағдарламасы бойынша:
Бағдарлама бойынша 2016 жылы алты шаруа қожалықтары 306 бас ірі қара малдың тұқымын асылдандыру үшін селекциондық жұмыстарға, 6 асыл тұқымды мал басын сатып алуға 6,4 млн.теңге көлемінде субсидия алды.

Жұмыспен қамту 2020 мемлекеттік бағдарламасының іске асу барысы
Ағымдағы жылы бағдарламаның бірінші бағыты бойынша екі жоба бекітілді: күрделі жөндеуге №19 жалпы білім беретін мектепке 45 млн.421 мың теңге, Сәтбаев қалалық «Орталықтандырылған кітапхана жүйесі» КММ ғимараттың қасбетін ағымдағы жөндеуге 2 млн. 367 мың теңге бөлінді. Маусым айында 26 жұмыссыз азаматтар жұмыспен қамту орталығы арқылы уақытша жұмыс орындарына жіберілді. Қыркүйек айында уақытша жұмыстар аяқталды және қатысушылар жұмыспен қамтылды.
Қазан айында екі жоба бойынша жалпы сомасы 15 млн. 962.теңгеге қосымша өтінім берілген. Оның бірі құны 7 млн. 562 мың теңге болатын Сәтбаев қаласындағы бас кәріздік коллекторды ағымды жөндеуге, екіншісі құны 8 млн. 400 мың теңге болатын «Жастар» спорт кешеніне ағымды жөндеу жұмыстарын жүргізу. Осы объектілерге 5 жұмыссыз азамат жұмыс орындарына жіберілді.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ағымдағы жылы 36 млн.теңге көлемінде өз ісін ашуға немесе кеңейтуге шағын несие берілді.
2017 жылға екі жоба бойынша қосымша өтінім берілген. Жобалардың жалпы сомасы 224 млн. 913 мың теңге («Сәтбаев қаласының орталық ауруханасы» КМҚК ғимаратын күрделі жөндеу, сомасы 143 млн. 667 мың теңге және «№22 «Құлыншақ» балабақша КМҚК ғимаратын күрделі жөндеу, сомасы 81 млн. 246 мың теңге). Құрылатын жұмыс орындарының саны — 82, оның ішінде 42 орын жұмыспен қамту орталығының бағдарламасына қатысушылар үшін.
Бағдарламаның екінші бағыты бойынша ағымдағы жылы 36 млн.теңге көлемінде өз ісін ашуға немесе кеңейтуге шағын несие беру және 12 қатысушыны «Кәсіпкерлік негіздері» оқу курсына жіберу жоспарлануда. Бүгінгі таңда 15 үміткерлерге консультация ұсынылды. Жоспар бойынша 12 қатысушыға өз ісін ашуға шағын несие берілді және жаңа жұмыс орындары ашылды.
Бағдарламаның бірінші бағытының бірінші құрамдас бөлігі «Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» бойынша:
қайта даярлау курсына 34 адам «Аспаз» «Даяшы» мамандықтары бойынша мамыр айынан бастап оқуға жіберілді. Қыркүйек айында оқуларын аяқтады.
шілде айында «18 бен 24 жас аралығындағы жұмыс істейтін жастарға кәсіптік оқыту» бағдарламасына 10 адам «Электрменгазбен дәнекерлеуші» мамандығы бойынша оқуға жіберіліп, желтоқсан айында аяқтады;
тамыз айында «55 пен 64 жас аралығындағы адамдарды қайта даярлау» бағдарламасы арқылы кәсіби оқуға «Аспаз» мамандығы бойынша 8 адам жіберіліп, желтоқсан айында аяқтады;
әлеуметтік жұмыс орындарына сұраныс бойынша 13 мекемеден өтінім алынып, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне тіркелген 37 азамат сәуір айынан бастап жұмыстарын атқаруда.
жастар тәжірибесіне жоғарғы және орта оқу орындарының 25 түлегі ағымдағы жылдың мамыр айында жіберіліп, қараша айында уақытша жұмыстарын аяқтады.

2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бойынша
«Сәтбаев қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметі 2011-2020 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының білім беруді дамыту мемлекеттік бағдарламасында (бұдан әрі – даму бағдарламасы) айқындалған жеті бағыт бойынша жоспарлы көрсеткіштерге қол жеткізуге бағытталған. Бұлар – білім беру жүйелерін қаржыландыру және ұйымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту, педагог мәртебесін қолдау, білім беру менеджменті, «e-learning» электрондық оқытуды ұйымдастыру, мектепке дейінгі тәрбиелеу және оқыту, орта білім беру, тәрбие жұмысы және жастар саясаты мемлекеттік стандарттарын жүзеге асыру.
Бірінші бағыт — Білім беру жүйелерін қаржыландыру және ұжымдардың материалдық-техникалық базасын нығайту.
2016 жылға қаламыздың білім жүйесін жалпы қаржыландыруға 3 291, 224 мың (үш миллиард екі жүз тоқсан бір миллион екі жүз жиырма төрт мың) теңге бөлініп, 100% игерілді.
Қазіргі таңда қала мектептерінде 45 жаңа үлгідегі кабинеттер бар. Оның 15 химия (100%), 15 биология (100%), 15 физика (100%) кабинеттері. 12 жалпы білім беретін мектептерде 60 интерактивті тақта орнатылған, 11 мектеп жоғары технологиялы сандық подиумы бар сенсорлық тақталармен жабдықталды. 15 жалпы білім беретін мектептерінде мультимедиялық кабинеттер бар.
Екінші бағыт – Педагог мәртебесі.
Сәтбаев қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінде барлығы 780 педагог жұмыс істейді. Олардың 51 % жоғары және бірінші санатты мұғалімдер.
2016-2017 оқу жылында қала мектептеріне 30 жас маман жұмысқа қабылданды, ол жалпы саннан 3,8% құрайды. Жас мамандардың барлығы 20 сағаттан кем емес жүктемемен қамтамасыз етіліп, тәлімгерлер бекітілді. Бұл мамандар қаламыздың оқу бітіріп кеткен түлектері болғандықтан, тұрғын үй мәселесі туындаған жоқ.
Үшінші бағыт – Білім беру менеджменті.
Оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылардың құқығы мен қызығушылығын қорғау мақсатында, 2009 жылдан бері барлық білім мекемелерінде Қамқоршылық Кеңестері құрылған.
Білім беруді үнемі жетілдіру принципі білім беру сапа менеджменті жүйесінің бірден-бір принципі болып табылады. 2016 жылдың қаңтар айына қаламыздағы білім беру мекемелері басшыларының 93% білім беру менеджменті сұрақтары бойынша біліктілігін арттыру курстарынан өткен. Жаңа форматтағы деңгейлік курсынан өткен басшылар – 5, жалпы көрсеткіштің үлесі – 33 %.
Төртінші бағыт – «e-learning» электрондық оқыту.
Білім беру процессінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін Сәтбаев селосында орналасқан №17 шағын жинақталған мектебі 2011-2012 оқу жылында электрондық оқытуға қосылған.
Бесінші бағыт – мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту мемлекеттік стандартын жүзеге асыру.
Сәтбаев қаласында мектепке дейінгі тәрбие және оқытуды ұйымдастыру үшін 16 балабақша, 353 баланы қамтитын білім мекемелері жанынан 13 шағын орталықтар ашылған. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепалды тәрбиемен және оқумен қамту 100 пайызды құрайды.
2016 жылы «Балапан» бағдарламасына республикалық бюджеттен 542 млн. 745 мың теңге бөлініп, толық игерілді.
Алтыншы бағыт – Орта білім беру мемлекеттік стандартын жүзеге асыру.
2016 — 2017 оқу жылының бірінші жартыжылдығында Сәтбаев қаласының 16 жалпы білім беретін мектептерінде 10233 оқушы оқиды, оның 7032 қазақ тілінде, 3201 бала орыс тілінде.
Қаланың жалпы білім беру мекемелерінде білім алатын мектеп жасындағы мүмкіндігі шектеулі бала саны — 169, 59 бала үйде оқытылады. Түзету-дамыту сыныптарында – 85 бала.
Үйде оқытылатын 32 оқушы республикалық бюджеттен бөлінген компьютерлік техниканы пайдаланады. Қаламызда екі мектеп негізінде 2 логопедтік пункт қызмет көрсетеді, мұнда балалармен жеке және топтық жұмыс жүргізіледі. «Сәтбаев қаласының білім бөлімі» ММ 2011-2015 жылдарға стратегиялық жоспарына сәйкес «баръерсіз аймақ» бөлігі 2016 жылы 68,75% құрады. Жабдықталған пандусы бар 11 білім беру мекемесінің төртеуінде (№7,14,25 және №10 бөбекжайы) түзету-дамыту оқу сыныбы және логопедтік топ ашылған.
2016 жылы 295 оқушы 11 сыныпты бітірді. 166 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, 79,98 балл жинады. «Алтын белгіге» 3 үміткердің 2-і өз білімін дәлелдесе, 10 түлек үздік аттестатқа ие болды.
2016 жылы бюджеттен оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз етуге 48 млн. 469 мың теңге бөлініп, 12 айда 48 млн. 458 мың игерілді.
Мектептер қызметінің тиімді көрсеткіштерінің бірі мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамту және медициналық қызмет көрсету болып табылады. Жыл сайын жалпы оқумен қамту қорының сомасы ұлғаюда, 2016 жылы 99 млн. 760 мың теңгені құрап, 100% игерілді. Барлық аз қамтылған отбасынан шыққан 1545 бала (барлық әлеуметтік қорғалмаған санаттарды қосқанда) ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
Жетінші бағыт – Қосымша білім беру, тәрбие жұмыстары мен жастар саясатын ұйымдастыру.
Мемлекеттік тапсырыс бойынша қосымша білім беретін 3 мекемеде мектептен тыс тәрбие беру және оқыту жүзеге асырылады. Бұл мектептерде барлық балалар саны — 4565 , оның ішінде оқушылар сарайындағы 69 үйірме мен тегін істейтін 4 демалыс клубтарында 3392 бала дәріс алады. Балалар өнер мектебі 2010 жылдан бастап ЮНЕСКО халықаралық клубының мүшесі. Бұл мекеме 5 бағыт бойынша жұмыс істеп, 16 үйірмеге 1030 бала қатысады. Балалар музыка мектебіндегі 2 бағыт бойынша 8 үйірмеге барлығы 143 оқушы қатысады. Қосымша білім беру мекемелерінің балалар ұжымы үнемі халықаралық «Ақ көгершін» және «Золотой микрофон», сондай-ақ, басқа да республикалық және облыстық конкурстарға қатысып, жеңімпаз атанып келеді.
Бүгінгі таңда қазақстандықтардың алдында тұрған міндеттердің бірі – «Mәңгілік Ел» идеясын жүзеге асыру. Бұл идеяны жүзеге асыру үшін тәрбие жұмысы оқушыларды патриоттық рухта тәрбиелеуге, мемлекеттік тілді құрметтеуге, өз елінің тарихына қызығушылығын арттыруға, ҚР мемлекеттік рәміздерін сыйлауға үйретуге бағытталған.
Мектептерде «Өлкетану», «Алаштану», «Абайтану» бағдарламалары жүзеге асырылып, оқушылардың танымын кеңейтуде үлкен рөл атқарып келеді. Жалпы орта білім беретін мектептердің 7-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілінен «Жарқын болашақ» VІІІ республикалық олимпиадасының қалалық кезеңі өтіп, («Тілші-әдебиетшілер», «Жазушылар», «Жас ғалымдар», «Сөз шеберлері», «Әнші- бұлбұлдар») номинациялар бойынша жеңімпаздар анықталды.
Сәтбаев қаласы мектептерінде патриоттық тәрбиелеу бойынша қойылған тапсырмаларды жүзеге асыру үшін ағымдағы жылдың қаңтар айы бойынша №19 жалпы орта білім беретін мектебінде «Намыс», №16 жалпы орта білім беру мектебінде «Айбын» патриоттық клубтарының ашылуы бойынша ісшаралар өтті. Білім беру мекемелерінде Ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты жоспар бойынша ісшаралар (жауынгер-интернационалистермен кездесу, «Ерлік» сабақтары т.б.) ұйымдастырылды.
Оқушылардың шығармашылық потенциалын дамыту, белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру, «Балаға жылы көзбен қарау» жобасы шегінде оқушылардың әлеуметтік маңызды бастамаларын дамыту және қолдауға жәрдемдесу мақсатында қалалық жастар мәслихаты, жоғары сынып оқушыларының өзін-өзі басқару кеңестері құрылып, осы бағытта жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Барлық білім мекемелерінде оқу жылының басында ата-аналар комитеттері, Әкелер Кеңесі және әрбір сыныпта ата-аналар комитеттері төрағалары мен мүшелері тағайындалған. Сонымен қатар, білім беру мекемелерінде Қамқоршылық кеңестері жұмыс атқарады.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сарыарқа болашағы» атты өнер фестивалінің қалалық кезеңі болып өтті. Жеңімпаздар білім бөлімінің грамоталарымен марапатталып, Қарағанды қаласында өтетін сайыстың облыстық кезеңіне жолдама алды.
«Жас Ұлан» мүшелері қазақстандық патриотизмді қалыптастыру бағытындағы республикалық ісшараларға үлкен құлшыныспен, аса жауапкершілікпен қатысады. 2016 жылы бұл ұйымда 4620 оқушы, оның 7 жас пен 10 жас аралығындағы 1581-і «Жасқырандықтар» (16 пайызды құрайды), 3039-і «Жасұландықтар» (30 пайызды құрайды). Тәрбие бағыттары бойынша жастардың ісшараларға қатысу үлесі 50 пайызды құраса, болашақта 56 пайызға көтеру жоспарлануда. Демек, өскелең ұрпақтың патриоттық сезімін және белсенді азаматтық ұстанымын қалыптастыру бойынша жұмыстарды белсендіре түседі деген сенімдеміз.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай, «Жастар – Отанға» жобасы аясында «Қазақмыс» корпорациясы Қарағанды филиалы «НұрОтан» партиясының қолдауымен биылғы оқу жылының қорытындысы бойынша үздік оқушыларды насихаттау мақсатында «Сәтбаев жұлдыздары» үздіктер слеті өтті. Аталған ісшараға білім беру мекемелерінен 35 номинант, 500 оқушы қатысты.
«Балаға мейірімді қала» Халықаралық жобасы аясында Оқушылар сарайында «Шуақты жаз-2016» орталығының жұмыс жоспары бойынша мектеп жанындағы лагерьлермен бірлесе мәдени, зияткерлік ісшаралар ұйымдастырылып, Жезқазған тарихи-өлкетану мұражайына 70 бала экскурсия жасады.

«Денсаулық» денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы.
Қаланың денсаулық сақтау жүйесінің санағында 3 мемлекеттік медициналық ұйым, оның ішінде 1 аурухана, 1 диспансер, 1 амбулаториялық емхана бар. Қалада жекеменшік нысандағы 6 медициналық мекеме жұмыс істейді, соның 5-і кепілді тегін медициналық көмек көрсетумен айналысады.
Денсаулық сақтау жүйесінің алдына қойылған мақсаттарды табысты жүзеге асырудың негізі — білікті мамандар. 2016 жылы қалаға 16 дәрігер жұмысқа тартылды, соның ішінде 12-сі жас маман. Бұл дәрігерлік кадрлардың тапшылығын 8 маманға дейін төмендетуге мүмкіндік берді.
2016 жылдың қорытындысы бойынша туберкулез ауруының 7,5% төмендегені байқалады, көрсеткіші тұрғындардың 100 мың адамына шаққанда 57,2 құрады, 2015 жылы — 60,1 құраған.
2016 жылы ана өлімі тіркелген жоқ. Нәресте өлім-жітімі 4 жағдайға төмендеп, 9 жағдай құрады, 2015 жылы – 13 жағдайды құраған. Ана және нәресте өлімін болдырмау мақсатында Сәтбаев қаласында іс шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді және оны іске асыру бойынша тұрақты мониторинг, сонымен қатар, денсаулық сақтау бойынша негізгі көрсеткіштерін қадағалау мониторингі де жүргізіледі.
Қалалық денсаулық сақтау мекемелерінде профилактикалық медицинаға және әр түрлі аурулардың алдын алуға ерекше көңіл бөлінеді. Осы бағытта жүргізілген жұмыстың нәтижесінде өмір сүру ұзақтығы көрсеткішінің өсу үрдісіне қол жеткізілді, соңғы 7 жылда өмір сүрудің орташа ұзақтығы 64,6-дан (2008 жылы) 70,2 (2016ж) жасқа дейін немесе 8,7%-ға ұлғайды.

Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
Мемлекет басшысының 2011 жылғы 29 маусымдағы №110 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында Сәтбаев қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 сәуірдегі № 08/47 қаулысымен бекітілген 2014-2016 жылдарға арналған ісшаралар жоспарына сәйкес жұмыстар жүргізілді. 2016 жылы мемлекеттік тілді және Қазақстан халқы тілдерін дамытуға арналған ісшараларды өткізуге жергілікті бюджеттен 2 093,0 мың теңге, облыстық, республикалық конкурстарға қатысуға — 398,0 мың теңге және мемлекеттік тілді оқыту курстарының жұмысын ұйымдастыруға 2 646,0 мың теңге бөлінді.
2010 жылдың маусым айынан бастап «Сәтбаев қаласының мәдени-сауық орталығында» КМҚК заманауи құрылғылармен жабдықталған лингофондық-мультимедиалық оқу-әдістемелік кабинеті жұмыс істейді. Мемлекеттік тілді оқыту Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы әзірлеген ҚР СТ 1926-2009 «Қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік тілдік құзыреттіліктері» мемлекеттік стандарттарына сәйкес жүргізіледі. Қазақ тілі сабақтары ҚАЗТЕСТ жүйесінің А1, А2, В1, В2 деңгейлері бойынша жүреді. 2016 жылы 165 адам мемлекеттік тілді оқытумен қамтылды. Мемлекеттік қызметшілер үлесі — 16%, мемлекеттік қызмет көрсететін ұйымдардағы қызметкерлердің үлесі — 73%, жеке тұлғалардың үлесі- 11 %. 2016 жылдың қараша айынан бастап мемлекеттік қызметшілерге ағылшын тілі оқытылуда. «ҚАЗТЕСТ» жүйесі бойынша 111 адам диагностикалық тестілеуден, 56 адам сертификаттық тестілеуден өтіп, оның 55,3 %-ы сертификат алды.
Мониторингке сәйкес 2016 жылғы ҰБТ қорытындысы бойынша мемлекеттік тілді В1 деңгейінде меңгерген мектеп түлектерінің үлесі – 94 %.
Сәтбаев қалалық мәслихаты, Сәтбаев қаласының әкім аппараты және оған қарасты мемлекеттік мекемелердің құжат айналымындағы мемлекеттік тілдегі кіріс құжаттарының үлесі –67 %-ды, шығыс құжаттарының үлесі — 100 % -ды құрайды.
Жергілікті «Шарайна» газетінде 2016 жылы тіл саясатына қатысты 43 мақала жарық көрді. «СТА» телеарнасында 34 бейнесюжет көрсетілді. Мемлекеттік БАҚ құралдарындағы қазақ тіліндегі материалдар үлесі -50 %.
Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына байланысты ономастика саласында жұмыстар жүргізілді. Жаңадан бой түзеген 6 ықшамауданға «Нұрлы мекен» атауын беру бойынша материалдар Сәтбаев қалалық мәслихатының қарауына енгізілді. 2016 жылғы 26 тамызда Сәтбаев қаласының 6 ықшамауданына атау беру туралы Сәтбаев қалалық мәслихатының көпшілік тыңдауы өтті. Сәтбаев қаласы әкімдігінің қаулысы және Сәтбаев қалалық мәслихатының бірлескен шешімі Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастикалық комиссияның қарауына енгізілді.
2016 жылы жоспарға сәйкес 13 ісшара ұйымдастырылды. Үш тілді меңгерген жастар арасындағы «Тіл шебері» қалалық олимпиадасы, Мұқан Иманжановтың 100 жылдығына арналған аймақтық көркемсөз шеберлерінің байқауы және «ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау жұмысындағы өзекті мәселелер» тақырыбындағы семинар, Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу, аудармашыларға, іс жүргізушілерге арналған оқыту курсы, «Үштұғырлы тіл саясаты – жастардың болашағы мен мүмкіндігі» тақырыбындағы конференция, Баубек Бұлқышев шығармаларын мәнерлеп оқудан оқушылардың аймақтық байқауы, орыс жазушысы, драматург М.А.Булгаковтың туғанына 125 жыл толуына орай, әдеби композиция, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің 100-жылдығына, 1986 жылғы Желтоқсан көтерілісінің 30 жылдығына арналған жазба ақындар мүшайрасы және т.б. өткізілді. Қамтылғандар саны – 2 100 адам.
Сонымен қатар, қаламыздың өнерлі жастары облыстық байқауларға қатысып, грамоталармен, алғыс хаттармен марапатталды.
Мемлекеттік тілді меңгерген тұрғындардың үлесі — 80%, ағылшын тілін меңгерген тұрғындардың үлесі — 8,5%, үш тілді меңгерген тұрғындардың үлесі — 7%.
Мәдениет саласында тілдерді дамыту мен қолданудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырумен қатар бірнеше мәдени ісшаралар ұйымдастырылды. Атап айтсақ, Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына 27 жыл толуына байланысты ісшара, Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік концерт, Наурыз мерекесі, дәстүрлі «Масленица» мейрамы, Ерден Сандыбайұлы атындағы ІІ республикалық қобызшылар байқауы, «Достар дауысы» жас әншілер байқауы, «Кел, билейік» атты би топтарының сайысы өтті. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 71 жылдығына орай бірқатар ісшара өткізілді. «Қызым, саған айтам, келінім, сен тыңда» атты әжелер байқауы, Қала күніне және Кеншілер мерекесіне арналған мерекелік концерт ұйымдастырылды. Бұл концертте Қ.Баекенов және «Формат» тобы, М.Арапбаева өнер көрсетті. М.Мақатаевты, К.Назарқұловты еске алу кештері, Ш.Қалдаяқов әндерін орындаушылардың аймақтық байқауы, дәстүрлі «Күз аруы-2016» байқауы өтті. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында «Ұлт Тәуелсіздігіндегі ұлы бастаулар» атты облыстық ақындар айтысы, «Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік» концерттік бағдарлама өткізілді. Мұз сарайында өткен бұл ісшараға мәнерлеп сырғанаушылар мен хоккейшілер қатысты.

Қазақстан Республикасындағы экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарлама
Қазақстан Республикасында экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі мемлекеттік бағдарламаны іске асыру аясында 2016 жылы 183 жалпы алдын алу іс-шарасы өткізілді. Оның ішінде қалалық ұйымдар мен оқу орындарында 160 АТТ-ың кездесуі өтіп, жалпы қамтылғандар саны -14,0 мың адам болса оның ішінде 8,0 мыңы жастар болды. «Мақсатты топтармен» жұмыс жүргізуде теологтармен 170 жеке кездесу өтті. Республикалық АТТ мүшелері Айнұр Әбдірасілқызы, Мұқан Исахан, Арман Қуанышбаев және басқа да теолог, эксперттердің қатысуымен бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды. Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру бағытында 6000 ақпараттық парақшалар таратылып, мектептер мен колледждерде «ақиқатқа апарар жол», «Адасқан ағымдар», «Осужденные», «Исповедь мусульманина», «Жалған ілімдер» сынды тематикалық видеофильмдер көрсетілді. Сәтбаев қаласындағы дін мәселелерін зерттеу орталығында діни бағытта зардап шеккендерге іс жүзінде көмек көрсетіп кеңес беру мақсатында құрылған «Қауырт желі- 4 15 16» жұмыс жасайды. Жыл басынан қауырт желіге 20 хабарлама келсе, соның 14-і кеңеске жүгініп, 8-і құқықтық, 4-еуі практикалық көмек алды. БАҚ-да мемлекеттік органдардың экстеремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жұмыстары бойынша 160-қа тарта материалдар жарық көрді. Оның 50 материалы баспасөз беттерінде, 110 материал электронды БАҚ-да. Қалалық «Шарайна» газетінде «Дін және қоғам», «Духовный собеседник» айдарлары бар. «СТА» телеарнасында «Ғылымхал» бағдарламасы апта сайын шығарылады.

Комментарии закрыты.