Қар ханшайымы анықталды

Оқушылар сарайының ұйымдастыруымен дәстүрлі «Қар ханшайымы –2017» қалалық байқауы өтті.

Кішкентай аруларымыздың бойындағы өнерлерін паш етіп, сұлулық пен әдемілікке баулу мақсатында ұйымдастырылған байқауға қала мектептерінен 7 оқушы қатысты. Олар байқаудың таныстыру, сән үлгісін көрсету және өнерлерін ортаға салу сынды кезеңдерінде өздерін жан-жақты көрсетіп, көрермендердің ыстық ықыласына кенелді.
Үш кезеңде оқ бойы озық шыққан төрт қатысушы жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, №5 орта мектеп оқушысы Анастасия Шитова ІІІ орынды, Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің оқушысы Маржан Мұхамбедия ІІ орынды еншіледі. Ал, І орынды №14 мектебінің оқушысы Алиса Аманова жеңіп алса, байқаудың бас жүлдесін С.Сейфуллин атындағы гимназия мектебінің оқушысы Іңкәр Серікбаева қанжығасына байлап кетті.

Алуа Ахметова, «Жас тілші» үйірмесінің тәрбиеленушісі.

Комментарии закрыты.