Насихат тобы спортшылармен жүздесті

Қала әкімі жанынан құрылған ақпараттық-насихат топтары қаланың кәсіпорындары мен мекемелерінде болып, Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауын насихаттауда.

Осындай жиын өткен аптаның соңында қалалық спорттық-сауықтыру кешенінде өтті. Онда насихат тобы кешеннің спортшылары мен жаттықтырушылары алдында жаңа Жолдау жайлы келелі әңгіме қозғады. Кездесуді «Нұр Отан» партиясы Сәтбаев қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Жаңбырбай Дәрібаев ашып, жүргізіп отырды.

Қазақстан әлем мойындаған іргелі елге айналды. Оның БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 2017-2018 жылдардағы тұрақты емес мүшесі болып сайлануы да дүние жүзіндегі беделінің өсіп келе жатқандығын көрсетеді. Ендігі міндет – елдің береке-бірлігін еселей отырып, әр саладағы жетістіктерді баянды түрде жалғастыру. Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын ел болып, бірлесе қолдап алға қарай дамытсақ, әлеуметтік-экономикалық жағдайымыздың одан әрі жақсара беретініне сеніміміз арта түседі дегенге тоқайласты кездесуде ағынан жарылған насихатшылар №19 мектептің мұғалімі Аманкелді Құрақбай мен қалалық мәслихаттың депутаты Қамар Жанасылованың сөзі.
Өз кезегінде сөз алған қалалық спорттық-сауықтыру кешенінің жаттықтырушысы Анатолий Банников Жолдау аясында қолға алынған жоба-жоспарларға тоқталып, қалалық ақпараттық-насихат тобы мүшелеріне әріптестері атынан алғысын білдірді.

Ізтай Белгібайұлы. Сурет түсірген автор.

Комментарии закрыты.