Жаңа жаһандық болмыс – жаңа жағдайға бейімделу

Cәтбаев қалалық қазыншылық басқармасында  қызметкерлердің қатысуымен Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауы бойынша отырыс өтті. Отырыста Елбасы Жолдауының  маңыздылығын және жаңа жаһандық болмысқа қол жеткізу үшін жаңа жағдайларға бейімделудің қажет екендігі сөз болды.

Еліміздің 25 жылдық дамуы кезеңінде бірқатар жетістіктерге қол жеткізілді, оған қиындықтарды болжай алу және стратегиялық жоспарларды уақытылы белгілеп, оны жүзеге асыру арқылы қол жеткіздік. Атап айтқанда, «Қазақстан-2050» стратегиясының, «Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде маңызды шаралар жүзеге асырылды. Ендігі кезекте алдымызға Қазақстанды үшінші жаңғырту, яғни, экономикалық өсімнің жаңа моделін құру міндеті қойылып отыр. Бұл талап еліміздің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін арттыруды қамтамасыз ететіндігіне сенім мол.

Экономиканың әлемдік өсімінің орта деңгейден жоғары қарқынын қамтамасыз етуге және 30 озық елдің қатарына қарай тұрақты түрде ілгерілеу үшін Жолдауда бес негізгі басымдылық белгіленіп, көрсетілген. Әсіресе, ел экономикасын дамытуға арналған негізгі басымдықтардың бірі – экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы көзделген. Ол дегеніміз жаңа индустрияларды өркендету үшін цифрлық технологияны қолдану, 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту, цифрлық индустрияны және Үкімет ІТ саласын дамыту.

Негізгі басымдықтардың бірінде макроэкономикалық тұрақтылықты дамыту қажеттігі жөнінде айтылады. Мұндағы басты міндет – ақша-несие саясатының ынталандырушы рөлін қалыпқа келтіру және экономиканы қаржыландыруға жекеменшік капитал тарту. Банктердің балансын тиімсіз несиелерден арылту жұмысын жеделдетіп, қажет болған жағдайда олардың капиталын акционерлер тарапынан арттыруды қамтамасыз ету керек. Банктердің ахуалына жедел бақылау орнату үшін Ұлттық банкке көбірек құқық берілуі керек. Ұлттық банк банктердің қателік жіберуін күтпей, оларға ықпал ететін шаралар қабылдау үшін формальді көзқарастан ықтимал қатерлерге жол бермейтін қадамдарға көшуге тиіс. Сондай-ақ, аудиторлық компаниялардың жауапкершілігін арттырып, акционерлердің ашықтығын қамтамасыз ету, ұжымдық басқаруды жақсарту қажет.

Салық-бюджет саясатын жаңа экономикалық жағдайға бейімдеу де көзделген. Осы ретте бюджет шығыстарының тиімділігін түбегейлі арттыру қажеттігі туралы және Ұлттық қор қаражатын ұтымды пайдалану керектігі айтылады. Сондай-ақ, Жолдауда, сыбайлас жемқорлықтың себептері мен алғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту қажеттігі туралы айтылған. Маңызды мәселенің бірі – сатып алу саласын жетілдіру, мемлекеттік сатып алу жүйесі орталықтандырылған қызмет қағидаты бойынша жүргізілуі керек делінген.
Қорыта айтқанда, белгіленген басымдылықтар елімізді жаңа жаһандық болмысқа апаратынын және ол үшін жаңа жағдайларға бейімделуде мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық дамуының маңызды бағыттары болып табылады.

Мейіржан Мұхаділ, Сәтбаев қалалық қазынашылық басқармасының басшысы.

Комментарии закрыты.