Мектептегі игі шаралар

Сыбайлас жемқорлық пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектебімізде құқықтық мәдениетті көтеру жоспары бойынша көптеген іс-шаралар өткізілуде. Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық жасаған лауазымды азаматтардың өз істеріне жауапкершілікпен қарамайтынын, соның салдарынан сыбайлас жемқорлыққа баратын азаматтардың жанұялары қиындық көретіндері айтылды. Дөңгелек үстелде осы сияқты көптеген маңызды мәселелер талқыланды.Мәселен, қыркүйек айында Б.Жұматаевтың ұйымдастыруымен «Жемқорлыққа жол жоқ!» атты тәрбие сағаты, қазан айында әлеуметтік педагог А.Байгенжинаның ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу» атты дөңгелек үстел өткізілсе, желтоқсан айында тарих пәні мұғалімдері С.Берлібекова және И.Гончаренконың ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңын түсіндіру мақсатында, құқықтық сабақ өткізілді. Бұл іс-шараларда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерлер, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлері мен оның алдын алу туралы кеңінен сөз болды.
Қаңтар айында 1-4 сыныптарда «Жемқорлыққа жол жоқ!», «Детям о корупции» атты тәрбие сағаттары, 5-9 сыныптарда «Сыбайлас жемқорлықсыз болашақ», «Жемқорлықсыз ел – гүлденген ел», «Народ без коррупции – процветание народа» атты сынып сағаттары өтті. Сынып сағаттарында бейнефильм, слайд, көрсетілді, оқушыларға көп мағлұматтар берілді. Оқушылар да өз ойларын ортаға салды.
Бұл тәрбие сағатының мақсаты – жемқорлық деген ұғымды түсіндіріп, пайда болу жағдайлары жайлы түсінік қалыптастыру, өз көзқарастарын білдіріп, дүниетанымын кеңейту.

Әсел Сәдуақасова, №5 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

Комментарии закрыты.