Алғысымыз шексіз

Біздің өміріміздегі ең басты құндылықтар – адалдық, қайырымдылық, мейірімділік сынды қасиеттер. Өкінішке орай, күнделікті қарбаласта біз осыны жиі ұмытамыз. Кейбіреулер айналаға селқос, немқұрайлы қарауға бой алдырып барады. Алайда,
біздің ішкі түйсігіміз мұны қаламайды.

Мейлі дүйім жұрттың ортасында бол, мейлі өзіңмен-өзің жалғыз бол, кез келген жағдайда адамдық қасиеттерден айнымау өте маңызды. Біз – жақсылықтың жақтасымыз. Біз жақсы істер мен әрекеттер өміріміздің ең бір маңызды бөлігіне айналғанын қалаймыз. Осы бағытта елімізде түрлі қайырымдық шаралары жүргізіліп тұрады. Соның бірі – «Мейірбандық – жүректен, қайырымдылық – білектен» атты акция. Акцияның мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасылары мен  жетім балаларға көмек көрсету, мейірбандық құндылықтарды қоғамда кең тарату, балаларға деген жүректің жылу сезімін білдіру, олардың бойында өмірге деген талпыныс қасиеттерін ояту.
Бұл іс-шарадан біздің Абай атындағы №4 мектеп-лицей де қалыс қалған жоқ. Қаламыздағы қолдары ашық, атымтай жомарт жандар мектебіміздегі мүмкіндігі шектеулі, жетім, жағдайы төмен отбасы балаларына қайырымдылық көмек көрсетті.
Мұндай қайырымды жандардың ісіне мектеп ұжымы да, ата-аналар да дән риза, алғыстары шексіз. Тіпті, мектеп басшысы қолдары ашық азаматтарға Алғыс хаттар табыс етіп, сый-сияпат жасады. Қайырымдылық акциясы алдағы уақыттарда да өз жалғасын таба беретін болады.

Ж.Ашабекова.

Комментарии закрыты.