Жезқазғанда жолдар жөнделеді

Үстіміздегі жылы Жезқазғанда жолдарды жөндеуге 945 млн. теңге бөлінді.

Бұл қаржыға айналма жолайырыққа дейін Алаша хан даңғылы ретке келтірілмек. Сонымен қатар, Гагарин көшесі Шевченко көшесіне дейін, Байқоңыров көшесі (Алаша хан даңғылынан Холмецкий көшесіне дейін), Сейфуллин көшесі (Алаша хан даңғылынан Холмецкий көшесіне дейін), Жастар көшесі, Абай — Мир көшелері (Сарыарқа көшесіне дейін), №5 жол өтпесі жөнделеді.
Жол жөндеу құрылысы жұмыстарына қатысатын мердігерлер арасында конкурс жарияланды.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.