Дұрыс таңдай біліңіз

Юбка – қыздарға арналған киім түрі. Оның бірнеше түрі бар. Қысқа юбка жас қыздарға жарасады. Тарихи деректерде кейбір елдерде юбканы ер азаматтардың кигені туралы айтылады. Орта ғасырда Испанияның әйелдері юбканы асыл тастармен, металдармен әшекейлеген. Шотландияда юбка – ерлердің ұлттық киімі болып саналған.

XVII ғасырда Францияда сән үлгілерінің қалыптасқан үлгілерін, заңдылығын шығаратын арнайы мамандар болған. Сондай мамандар француз әйелдеріне арнап вертюгардан деп аталатын юбканы ойлап тапқан. Ал, XIX ғасырда орыс деревнясында понева деп аталатын юбка түрін киген. XX ғасырда юбканың ұзындығы өзгере бастады. 1965 жылы қысқа юбка, шалбар-юбка сәнге айналды.

Түрлі үлгідегі юбкаларды басқа киімдермен үйлестіру маңызды рөл атқарады. Мәселен, ұзын юбка дене бітіміңізге сымбаттылық береді, сырт көзге мүсінді сәл ұзартып көрсетеді. Юбкаңыз кеңірек болған сайын, үстіңізге киетін жейде қарапайым әрі шағын болғаны дұрыс. Қысқа юбка үстіңгі бөліктің барынша жабық болуын қалайды. Мұндай юбкамен кеудесі ашық жейде киюге болмайды. Сондықтан қысқа юбкаларға жабық жібек блузкаларды, кең және casual стиліндегі жейделерді таңдаңыз. Егер, биік өкше немесе платформа киетін болсаңыз, қысқа юбканың үстіне қысқа жакетті таңдаңыз.

1940 жылы Диор ойлап тапқан қарындаш-юбка – офистік стильдің ең танымал үлгісі. Стилистер қарындаш-юбканы қынама бел жакетпен, жемпірмен, қонымды водолазкамен немесе жағасы үшкір крахмалданған жейдемен үйлестірген дұрыс деп кеңес береді. Есіңізде болсын, мұндай юбканы міндетті түрде өкшесі бар туфлимен киген жөн.

Комментарии закрыты.