Әкім әйелдерді 8 Наурыз мерекесімен құттықтады

Қарағанды облысының әкімі Нұрмұхамбет Әбдібеков 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесіне арналған салтанатты қабылдауда әйелдер қауымын құттықтады. Шара барысында көп балалы аналарға «Алтын алқа» және «Күміс алқа» мемлекеттік наградалары табысталды, – деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.– Бүгін осы жерде өз еңбегімен, талантымен және іскерлік ақасиеттерімен жетістікке қол жеткізген әйелдер жиналып отыр, – деді әкім өз сөзінде. – Егер Қарағанды облысының экономикасында жұмыс істейтіндердің жартысына жуығы әйел екенін ескерсек, біздің өңіріміздің жетістіктері – сіздің жетістіктеріңіз деуге де болады.
Әкімнен кейін нәзік жандылар да сөз сөйледі. Олар Нұрмұхамбет Қанапияұлына әйелдер еңбегі туралы айтып берді. Денсаулық сақтау жүйесінің қызметкерлері, өндірісте жұмыс істейтіндер мен кәсіпкер әйелдер өз пікірлерін жеткізді.
Шара соңында облыс әкімі жеті және одан артық бала тәрбиелеп отырған көп балалы аналарға «Алтын алқа», ал алты баласы барларға «Күміс алқа» табыстады. Салтанат соңы мерекелік концерттік бағдарламаға ұласты.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.