Алғыс айту – парызым

Жезді кенті Мәдени-сауықтыру орталығында 1наурыз – Алғыс айту күніне орай өзге ұлт өкілдерінен құралған «Достық» ұлттық-мәдени отауы мүшелерінің қатысуымен «Алғыс айту – парызым» атты іс-шара өтті.

Салтанатты шараның шымылдығын «Достық» ұлттық-мәдени отауының жетекшісі Алма Қадырова ашып, жұртшылықты Алғыс айту күнімен құттықтады.

– Алғыс айту күні – ол, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні, – деп атап өтті жетекші өз сөінде.

Шара барысында «Достық» ұлттық-мәдени-отауының мүшелері, мәдени-сауықтыру орталығының жұмыскерлері украин ұлты өкілдері Т.Баранова, А.Белецкая, Аралас мектеп-интернатының бастауыш сынып мұғалімі татар Е.Ецис, М.Төрегелдин атындағы тау-кен және балқыту ісі тарихы мұражайының жас маманы кәріс Э.Цой рахмет айтып, ризашылықтарын білдірді. Іс-шарада әр ұлттардың әндері шырқалып, билері биленді.

Комментарии закрыты.