Қыспен қоштасты

Абай атындағы №4 мектеп-лицейдің аға тәлімгері Р.Ибрахимғабидоллақызының ұйытқы болуымен «Жас Ұлан» ұйымының бірыңғай балалар мен жасөспірімдері «Аққала – 2017» сайысын өткізді.

Балаларды қоршаған ортамен таныстыру, жыл мезгілінің ерекшеліктерін көрсету және бүлдіршіндерді шынықтыру мақсатында өткен бұл сайыс балаларға үлкен әсер қалдырды. Олар мұғалімдерінің көмегімен аққала соғудан өзара жарысты. Тез әрі әдемі жасалған аққалаларға орын беріліп, балаларға аққаланың жасалу әдістері көрсетілді. Оқушылар осылайша қыспен коштасып, көктемнің шуақты күндері жайлы өзара ой бөлісті.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.