Алғашқы туры өтті

Жуырда қаламыздағы №25 мектепте мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған І Республикалық «Жұлдызай» спартакиадасының алғашқы туры болып өтті.Спорт додасына 10-15 жас аралығындағы балалар қатысты. Олар футболдан, стол теннисінен, асық ату мен көңілді эстафеталық ойындардан өзара бақ сынасты.
Тағдырдың талқысына ерте түскен балалар өздерінің мүмкіндіктерінің шектеулі екеніне қарамастан, ерік-жігерлері мен өмірге деген құлшыныстарын барынша көрсетіп бақты. Намысты қолдан бермеуге тырысқан балалардың әрекетіне жанкүйерлер тәнті болды.
Жарыс қорытындысында жеңімпаздар грамоталармен, алғыс хаттармен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.

Комментарии закрыты.