Тағлымы мол кездесу

Өткен аптада «Қызғалдақ» қыздар клубының кезекті отырысы болды. Аналар мерекесіне орайластырып өткізілген отырыстың негізгі тақырыбына қыз бала тәрбиесі мен отбасындағы ананың рөлі арқау болды.

Клуб отырысына Сәтбаев қаласының Құрметті азаматы, қала әкімі жанындағы аналар кеңесі мен қоғамдық кеңестің төрағасы Марал Мәдиева, қала әкімдігінің әлеуметтік сала бөлімінің басшысы Гүлмира Таңсықбаева, медицина саласының ардагері Бикен Әбеева, қалалық аналар кеңесінің мүшесі Глара Сұлтанова қатысып, қазақ халқының әдеп-ғұрыптары мен салт-дәстүрлеріндегі қыз бала тәрбиесі, аналардың отбасындағы рөлі жайлы келелі әңгімелер айтты. Тағлымы мол кездесуден клуб мүшелері рухани ғибрат алып тарқасты.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.