Өзін өзі тану онкүндігі

Оқушыларды мейірімділікке, қайырымдылыққа тәрбиелеп, олардың бойына осы қасиеттерді сіңіру мақсатында №19 мектепте «Сүйіспеншілік пен шығармашылық педагогикасы» деген тақырыпта өзін өзі тануға арналған онкүндік өтті. Оған мектептің жоғары сынып оқушылары қатыстырылды.Акция аясында бейнелеу өнері пәнінен оқушылардың шығармашылық көрмесі, кітапханашылар тарапынан кітап көрмесі ұйымдастырылды. Ал, 5-6 сынып оқушылары арасында мәнерлеп оқудан, 9-11 сынып оқушылары арасында эссе жазудан сайыстар өткізілді. Бұл шаралардың барлығының басты тақырыбы ана, адамгершілік, сүйіспеншілік пен достық болды.
Онкүндіктің соңы өнер байқаулары мен қайырымдылық акцияларына ұласты.

Ізтай Белгібайұлы.

Комментарии закрыты.